14.05.2012, 10:28 3053

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сыртқы сауда айналымы 34,1 пайызға өсті

Оның ішінде экспорт - 21878,6 млн. АҚШ долларын (32,3% өсті), импорт - 9000,1 млн. АҚШ долларын құрады (38,7% өсті).

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 30878,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 34,1% өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

Оның ішінде экспорт - 21878,6 млн. АҚШ долларын (32,3% өсті), импорт - 9000,1 млн. АҚШ долларын құрады (38,7% өсті).

Агенттік басшысының айтуынша, есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1235,5 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 11,8% өскен.

Ал көтерме сауда көлемі 2964 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 15,5%-ға артқан. 2012 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,7% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны