11.03.2012, 13:35 3315

Ағымдағы жылдың қаңтар айында қазақстандықтардың орташа айлық жалақылары 92 191 теңгені құрады

2012 жылдың қаңтарында бір қызметкерге орташа номинальды жалақы 92191 теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,0 пайызға өскен. Бұл нақты ақшаға шаққанда 12,4 пайызды құрайды.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қаңтарда қазақстандықтардың орташа айлық жалақылары 19% өсіп, 92 191 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың қаңтарында бір қызметкерге орташа номинальды жалақы 92191 теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,0 пайызға өскен. Бұл нақты ақшаға шаққанда 12,4 пайызды құрайды.

"Салалық құрылымда ең жоғары жалақы кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерде сақталған. Атап айтқанда - 176,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде - 172,4 тыс тенге (1,9 есе), тау кен өндірісі мен карьерлерді әзірлеу жұмысында 164,9 мың теңге (1,8 есе).

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде - 42,0 мың теңге. Бұл жалпы еліміздегі орташа көрсеткіштен де аз 54,5%", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны