15.04.2013, 13:20 5235

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанда өнім экспортының көлемі 14,1% азайды

"Қазақстанның экспорты 13535,5 млн АҚШ долларын құрады, оның азаюы 14,1%-ға тең", - деді И.Смайылов.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда экспорт көлемі 14,1% азайып, ақшалай 13535,5 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

"Қазақстанның экспорты 13535,5 млн АҚШ долларын құрады, оның азаюы 14,1%-ға тең", - деді И.Смайылов.

Сонымен бірге, импорт үлесі 6663,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Өз алдына, 2013 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 20199,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,4% азайды.

Сонымен бірге, агенттік басшысы ҚР басқа да әлеуметтік-экономикалық индикаторларын жариялады.

Статистика агенттігінің мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-наурыз 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 103,7% құрды.

Басқа көрсеткіштерге келетін болсақ, 2013 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4511,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,9% артық.

"2013 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 206,9 млрд. теңгені құрып, нақты көріністе 2012 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейден 0,4% артық. 2013 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 109,7 млрд. теңге құрып, 2012 жылғы қаңтар-наурызда салыстырғанда 0,8% кеміді", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны