15.05.2013, 11:13 8941

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда экспорт өндірісінің көлемі 7,9%-ға төмендеді

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның экспорт көлемі 7,9%-ға төмендеді және ақшалай 20150,8 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда экспорт өндірісінің көлемі 7,9%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның экспорт көлемі 7,9%-ға төмендеді және ақшалай 20150,8 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов.

"Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 29532,7 млн АҚШ долларын құрады және 2012 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 4,9%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт - 20150,8 млн АҚШ доллары, бұл 7,9%-ға төмен", - деді И.Смайылов.

Сонымен бірге, импорт үлесі 9381,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,5%-ға артық.

Өз кезегінде жалпы ішкі өнім көлемі 2013 жылдың қаңтар-наурызында ағымдағы бағалармен 6601 млрд теңгені құрады. Қткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда нақты ЖІӨ 4,6%-ға өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны