15.05.2013, 14:39 5804

Ағымдағы жылдың сәуірінде қазақстандықтардың нақтылы жалақысы 1,4%-ға өсті

"2013 жылдың сәуірінде жұмысшыларға аударылған айлық орташа нақтылы жалақы 105 290 теңгені құрады, 2012 жылдың сәуіріне өсу 7,9%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2012 жылдың сәуіріне 101,4%-ды құрады", - деді И.Смайылов.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - 2013 жылдың сәуірінде нақты жалақы өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 1,4%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов мәлім етті.

"2013 жылдың сәуірінде жұмысшыларға аударылған айлық орташа нақтылы жалақы 105 290 теңгені құрады, 2012 жылдың сәуіріне өсу 7,9%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2012 жылдың сәуіріне 101,4%-ды құрады", - деді И.Смайылов.

Сонымен бірге, жан басына шаққандағы орташа нақты ақшалай табыс 10,6 %-ға артып, 55 264 теңгені құрады, нақты ақшалай кірістер 3,6%-ға артты.

Өз кезегінде жұмыссыздық деңгейі бұрыңғы дәлізде қалып, экономикалық белсенді халық санына 5,3%-ды құрады.

Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны ағымдағы жылдың сәуірінің соңына 65,7 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 0,7%-ын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны