02.05.2013, 14:20 4100

Ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 179 теңгені құрады

Қазақстанда ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы жан басына шаққанда17 179 теңгені құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 179 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы жан басына шаққанда17 179 теңгені құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

"Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға, 2012 жылғы сәуірмен - 6,8%-ға өсті",- делінген агенттік мәлімдемесінде.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,5%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,3%, жемістер мен көкөністерді - 10,4%, нан және жарма өнімдерін - 7,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,1%-ды құрады.

Айта кету керек, 2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3% құрады, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға бағалар өткен айда 0,2%-дан, ақылы қызметтерге - 0,5%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың сәуір айында республика бойынша орта есеппен баға қызылшаға 2,4%, сәбізге - 2,3%, жұмыртқаға - 1,6%, ұнтақ жармаға - 1,2%, қой етіне - 0,7%, картопқа - 0,6%, макарон өнімдеріне, балық және теңіз өнімдеріне - 0,4%-дан, арпа жармаға - 0,3%-ға өсуі белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 7,1%, қызанаққа - 2,8%, қарақұмық жармаға - 2,4%, күнбағыс майына, басты пиязға - 0,8%-дан, қырыққабатқа - 0,7%-ға тіркелді.

Өз алдына, бағалар жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға, құрылыс материалдарына - 0,3%-дан, тұрмыстық тоқыма бұйымдарға, фармацевтикалық өнімдерге - 0,2%-дан өсті.

Оған қоса, қалааралық автобустың жолақысы 1,4%, денсаулық сақтау, мектепге дейінгі және бастауыш білім беру қызметтеріне - 1%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне - 0,8%-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 1,1%-ға төмендеді.

Бұдан өзге, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 4%, кәрізге - 2,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1,7%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 1%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны