10.10.2012, 19:01 3443

Ағымдағы жылдың сегіз айында депозиттер бойынша өсім 12% құрады

"Халықтың банктегі салымдары артып келеді. Сегіз айда депозиттер өсімі 12% құрады, бұл банк жүйесіне деген сенім мен балама инвестицияның жетімсіздігін көрсетеді", деді Г.Марченко.

Алматы. 10-қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың сегіз айында депозиттер бойынша өсім 12% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық Банкінің Басқарма төрағасы Григорий Марченко мәлімдеген.

"Халықтың банктегі салымдары артып келеді. Сегіз айда депозиттер өсімі 12% құрады, бұл банк жүйесіне деген сенім мен балама инвестицияның жетімсіздігін көрсетеді", деді Г.Марченко.

"Кредиттер бойынша өсім 12% болады деп күтілуде, дегенмен қазір 2005 жылғыдай жоғары қарқынмен өсу байқалмайды", деп қосты Ұлттық банк төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны