26.11.2009, 11:55 2731

Ағымдағы жылғы 1- желтоқсаннан бастап барлық жоғары октанды жанармайдың бағасы 82 теңгеден болмақ

Ағымдағы жылғы 1- желтоқсаннан бастап барлық жоғары октанды жанармайдың бағасы 82 теңгеден болмақ

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 1- желтоқсаннан бастап барлық жоғары октанды жанармайдың бағасы 82 теңгеден болмақ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазіргі кезде республика бойынша жоғары октанды жанармайдың бағасы 88 теңге. Ирине, желтоқсанның 1-нен бастап кейбір жанар-жағармай бекеттері үшін осы санаттағы жанармайдың бағасы арзандайды. Ал "Гелиос" үшін оның бағасы керісінше көтеріледі. Енді, 5 күннен кейін барлық аймақтарда жоғары октанды жанармайдың бағасы 82 теңгеден болмақ", деді С.Мыңбаев.

Министр атап көрсеткендей, бүгінгі таңда елімізде жоғары октанды жанармайдың тапшылығы 37,5 тоннаны құрап отыр. Оны импорт арқылы өтеу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны