22.06.2015, 09:40 3594

Ағымдағы жылы агрокешен субъектілерініӊ 200-ден астам қарыз шартыныӊ субсидиялануы мақұлданды

Ағымдағы жылы несиелер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерініӊ 233 қарыз шартыныӊ арзандатылуы мақұлданды. Бұл шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 7,7 млрд. теӊгені құрайды. Мақұлданған шарттардыӊ қолдану мерзімініӊ аяқталуына дейінгі субсидиялар мөлшері 1,3 млрд. теӊгеге теӊ.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы несиелер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерініӊ 233 қарыз шартыныӊ арзандатылуы мақұлданды. Бұл шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 7,7 млрд. теӊгені құрайды. Мақұлданған шарттардыӊ қолдану мерзімініӊ аяқталуына дейінгі субсидиялар мөлшері 1,3 млрд. теӊгеге теӊ. Соныӊ ішінде ағымдағы жылға 384,8 млн. теӊге субсидия қаралған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Субсидияланған несиелер ішінде:

- айналым қаражатын толықтыру бойынша 60 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 268,4 млн. теӊге);

- негізгі құралдарды сатып алу бойынша 106 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 69,7 млн. теӊге);

- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарыныӊ лизингі бойынша 67 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 46,7 млн. теӊге) бар.

Субсидиялау бағдарламасына қатысу бойынша өтінімдер 21 қаржы институтынан келіп түскен.

Неғұрлым көп тапсырылған және мақұлданған шарттар Ақмола облысына тиесілі, нақтырақ айтсақ, бұл өӊірге 39 қарыз шарты меншікті, 2015 жылы төленуі тиіс субсидия көлемі 192,2 млн. теӊгені құрайды, бұл мақұлданған субсидиялар көлемініӊ - 49,9%.

Жалпы мақұлданған субсидиялар көлемініӊ 27,6% Алматы облысыныӊ қарызгерлеріне тиесілі, аталмыш аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия көлемі 106,4 млн. теӊгені құрайтын 7 шарт мақұлданған.

Қалған облыстарға жалпы мақұлданған субсидия көлемініӊ 5% және одан аз мөлшері тиесілі.

Ауыл шаруашылығы салаларыныӊ ішінде:

- мал шаруашылығы бойынша 124 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 23,8 млн. теӊге);

- өсімдік шаруашылығы бойынша 69 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 70,2 млн. теӊге);

- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өӊдеу бойынша 8 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 230,9 млн. теӊге);

- аралас ауыл шаруашылығы бойынша 32 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 59,9 млн. теӊге) мақұлданды.

Еске сала кетсек, бұл қолдау бағдарламасы несиелік/лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерініӊ бір бөлігін субсидиялау жолымен қаржылық қызметтердіӊ агрокешен субъектілеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Субсидиялау теӊгемен алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан аспайтын және шетелдік валютада алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-дан аспайтын кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады. Сыйақы мөлшерлемесініӊ бір бөлігін мемлекет өтейді, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді. Сонымен бірге келесі шарттар қарастырылған:

И айналымдағы қаражатты толтыру және негізгі қаражатты алу, құрылыс, сондай-ақ технологиялық жабдықты және ауылшаруашылық техникасын лизингке сатып алу кредиттерініӊ сыйақы мөлшерлемелері теӊгемен алынған болса, жылдық 7%-ға, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 5%-ға төмендетіледі;

И мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамасыз ететін мамандандырылған ұйымдардыӊ және мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелері қарыз теӊгемен алынса, жылдық 10%-ға, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 7%-ға төмендетіледі (субсидиялау қағидаларында техника тізімі көрсетілген).

Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарыз алушылар өздері несие алған қаржы институттарына өтінім тапсырулары қажет.

Субсидия берудіӊ толық шарттары, тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді және шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ 2014 жылдыӊ 25 қарашасындағы №9-1/613 "Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген.

"Қазагромаркетинг" АҚ "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтары бойынша кредит/лизингтіӊ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудыӊ операторы болып табылады.

Оператордыӊ қызметіне мыналар кіреді:

- Қаржы институттарынан құжаттар қабылдау, құжаттардыӊ мониторингісін жүргізу және қарыз алушыныӊ қағида талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындау;

- Субсидиялау бойынша шешім қабылдау үшін Икімшініӊ (ҚР АШМ) комиссия отырысын шақыру;

- Субсидияны аудару үшін қаржы институттарынан келіп түскен өтінімдерді тексеру және қабылдау;

- Субсидияланған несие шарттары, несиені мақсатты пайдалану, қарыз алушыныӊ негізгі қарызды және сыйақыны уақытылы/мерзімінен бұрын өтеу бойынша мониторинг жасау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны