20.07.2015, 11:20 3686

Ағымдағы жылы агрокешен субъектілерініӊ 500-ге жуық қарыз шартыныӊ субсидиялануы мақұлданды

Ағымдағы жылы несиелер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерініӊ 490 қарыз шартыныӊ арзандатылуы мақұлданды. Бұл шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 12,3 млрд. теӊгені құрайды.

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы несиелер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерініӊ 490 қарыз шартыныӊ арзандатылуы мақұлданды. Бұл шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 12,3 млрд. теӊгені құрайды. Мақұлданған шарттардыӊ қолданылу мерзімініӊ аяқталуына дейінгі субсидиялар мөлшері 1,9 млрд. теӊгеге теӊ. Соныӊ ішінде ағымдағы жылға 682,2 млн. теӊге субсидия қаралған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Субсидияланған несиелер ішінде:

- айналым қаражатын толықтыру бойынша 204 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 489,3 млн. теӊге);

- негізгі құралдарды сатып алу мен құрылысқа берілген 154 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 104,1 млн. теӊге);

- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарыныӊ лизингі бойынша 132 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 88,8 млн. теӊге) бар.

Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер 28 қаржы институтынан келіп түскен.

Жалпы мақұлданған субсидиялар сомасыныӊ 31,7% Ақмола облысыныӊ үлесіне тиесілі, бұл аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия сомасы 216,6 млн. теӊгені құрайды.

Жалпы мақұлданған субсидиялар сомасыныӊ 15,7% Алматы облысыныӊ үлесіне тиесілі, бұл аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия сомасы 107,7 млн. теӊгені құрайды.

Жалпы мақұлданған субсидиялар сомасыныӊ 14,8% Солтүстік Қазақстан облысыныӊ үлесіне тиесілі, бұл аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия сомасы 101,4 млн. теӊгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы салаларыныӊ ішінде:

- мал шаруашылығы бойынша 290 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 123,5 млн. теӊге);

- өсімдік шаруашылығы бойынша 121 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 222,1 млн. теӊге);

- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өӊдеу бойынша 37 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 249,3 млн. теӊге);

- аралас ауыл шаруашылығы бойынша 42 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 87,1 млн. теӊге) мақұлданды.

Еске сала кетсек, бұл қолдау бағдарламасы несиелік/лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерініӊ бір бөлігін субсидиялау жолымен қаржылық қызметтердіӊ агрокешен субъектілеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Субсидиялау теӊгемен алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан аспайтын және шетелдік валютада алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-дан аспайтын кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады. Сыйақы мөлшерлемесініӊ бір бөлігін мемлекет өтейді, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді. Сонымен бірге келесі шарттар қарастырылған:

И айналымдағы қаражатты толтыру және негізгі қаражатты алу, құрылыс, сондай-ақ технологиялық жабдықты және ауылшаруашылық техникасын лизингке сатып алу кредиттерініӊ сыйақы мөлшерлемелері теӊгемен алынған болса, жылдық 7%-ға, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 5%-ға төмендетіледі;

И мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамасыз ететін мамандандырылған ұйымдардыӊ және мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелері қарыз теӊгемен алынса, жылдық 10%-ға, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 7%-ға төмендетіледі (субсидиялау қағидаларында техника тізімі көрсетілген).

Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарыз алушылар өздері несие алған қаржы институттарына өтінім тапсырулары қажет.

Субсидия берудіӊ толық шарттары, тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді және шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ 2014 жылдыӊ 25 қарашасындағы №9-1/613 "Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтыӊ және ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген.

"Қазагромаркетинг" АҚ "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтары бойынша кредит/лизингтіӊ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудыӊ операторы болып табылады.

Оператордыӊ қызметіне мыналар кіреді:

- Қаржы институттарынан құжаттар қабылдау, құжаттардыӊ мониторингісін жүргізу және қарыз алушыныӊ қағида талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындау;

- Субсидиялау бойынша шешім қабылдау үшін Икімшініӊ (ҚР АШМ) комиссия отырысын шақыру;

- Субсидияны аудару үшін қаржы институттарынан келіп түскен өтінімдерді тексеру және қабылдау;

- Субсидияланған несие шарттары, несиені мақсатты пайдалану, қарыз алушыныӊ негізгі қарызды және сыйақыны уақытылы/мерзімінен бұрын өтеу бойынша мониторинг жасау.

Оператордыӊ мекенжайы: Астана қаласы, Ақбұлақ-3 шағын ауданы, Дарабоз көшесі, 25-үй, тел. 58-01-85, факс 58-01-80.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ сall-орталығы 8 800 080 70 80 (Қазақстан бойынша қоӊырау шалу тегін).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны