11.02.2014, 18:59 4944

Ағымдағы жылы Алматыда индустриялық аймақтың алғашқы кәсіпорындары жұмысын бастайды

Алматыдағы индустриялық аймақтың алғашқы кәсіпорындары ағымдағы жылы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР ИЖТМ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюы барысында белгілі болды.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Алматыдағы индустриялық аймақтың алғашқы кәсіпорындары ағымдағы жылы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР ИЖТМ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюы барысында белгілі болды.

Оңтүстік астананың әкімдігінен хабарлағандай, меморандумда Алматы қаласы маңын, Алатау шағын ауданындағы индустриалды аймақтың және "ИТП" ИЭА дамытуға басымдық берілген. Аты аталған жобалардың барлығы инновациялық-индустриалды кластердің бір бөлігі ғана болып қоймай, әлеуметтік саладағы міндеттерді шешу керек. Яғни, олар алдымен еңбек өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындарын ашуға арналады.

"Басты басымдық жаңа жұмыс орнын ашуға берілді. Бүгінде ол біздің басты міндетіміз. Мәселен, Алатау шағын ауданындағы Индустриалды аймақтың арқасында 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, туризм саласын одан әрі дамыту арқылы бұданда жақсы нәтижеге қол жеткізсек деп отырмыз", - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі индустрия министрі Исет Исекешевке Индустриялық аймақ жобасына қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, аталмыш аймақты алғашқы кәсіпорындары ағымдағы жылы жұмысын бастайтынын тілге тиек етті. Ал, инновациялық технологиялар паркі туралы айтатын болсақ, қала басшысы "ИТП" ИЭА бойынша жұмыстың жақсы жүріп жатқанын және өндіріс ошақтарының 4 есе көбейіп, бөлінген жер телімдерінің 100% игерілгенін баса айтты.

Өз кезегінде министр "ИТП" ИЭА дамуына алдағы уақытта жоғарғы оқу орындарыда атсалысуы керек, себебі олар мемлекеттің тең құқылы серіктесі болуы тиіс, деп атап өтті.

"Алматының инновациалық-индустриалды кластері өзіне "ИТП" ИЭА пен қаланың барлық жоғарғы оқу орындарының әлеуетін жатқызады", - деді Исет Исекешев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны