25.07.2014, 20:14 4147

Ағымдағы жылы "Астана-Бурабай" жолы арқылы 1 млрд 200 мың теңге жинау жоспарланған

"Ақылы болу - бұл әлемдік тәжірибе барлық дамыған елде жол үшін ақы алынады. Ол инвестициялық шығыннан арылу үшін жасалған. Астана-Бурабай - бұл біздің алғашқы жобамыз. Жалпы, өткен жылы 800 млн теңге қаржы жиналды. Ағымдағы жылы біз 1 млрд 200 мың теңге жинауды көздеп отырмыз", - деді М.Пшембаев.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы "Астана-Бурабай" жолы арқылы 1 млрд 200 мың теңге жинау жоспарланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі Мереке Пшембаев мәлім етті.

"Ақылы болу - бұл әлемдік тәжірибе барлық дамыған елде жол үшін ақы алынады. Ол инвестициялық шығыннан арылу үшін жасалған. Астана-Бурабай - бұл біздің алғашқы жобамыз. Жалпы, өткен жылы 800 млн теңге қаржы жиналды. Ағымдағы жылы біз 1 млрд 200 мың теңге жинауды көздеп отырмыз", - деді М.Пшембаев.

Ол атап өткендей, аудан тұрғындары жылына 1000 теңге ғана төлеп, жыл бойы сапалы жолмен жүреді. Жеңіл көлік үшін 200 теңге төленеді. Ал табыс транзиттен келеді. Мәселен, жүк көлігі 4,5-5 мың теңге төлейді. Бұл қаржы жолдың қажеттілігіне жұмсалады.

"Ақылы жүйенің енуі бірінші кезекте жергілікті халық үшін ауыртпалық тудырмауы керек. Келесі ақылы ету үшін Қызылорда мен Шымкент арасындағы жол қарастырылуда. Біз өз әлеуетімізді қолдануымыз қажет", - деді М.Пшембаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны