23.02.2010, 15:16 3121

Ағымдағы жылы дизельдік отын шаруаларға нарықтық бағамен сатылады - Мыңбаев

Ағымдағы жылы дизельдік отын шаруаларға нарықтық бағамен сатылады - Мыңбаев

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы дизельдік отын шаруаларға нарықтық бағамен сатылады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жанармай тарату бекеттеріндегі бір литріне 67 теңгелік баға сақталып қала беруге тиіс. Соның ішінде ауылшаруашылығындағы дихандар да осы бағамен алуы керек", - деді С. Мыңбаев.

Үкіметтің отырысында еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың хабарлағанындай, "биыл астықтың бағасы жоғары емес, сол себепті, ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін қолдаудың белгілі бір амалдары керек".

Бұған жауап ретінде ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі субсидияларға қарсы емес екендігін білдірді. "Мен ауылшаруашылығына субсидиямен қолдау көрсетуді қолдаймын. Бірақ оны қалай іске асыру керектігін білу керек. Және нарықты жасанды жолмен иліктірудің қажеті жоқ", - деді ол.

Сонымен бірге С. Мыңбаев "министрліктің дизельдік отынды облыстарға дейін жеткізуге кепілдік беретінін" жеткізді. "Ирбір олысқа қажетті көлемде жеткізіледі. Ал облыс ішінде дәстүрлі схема сақталып, әкім тағайындаған оператор ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне қажетті көлемде дизельдік отынды жеткізеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны