18.06.2009, 17:27 3234

Agip компаниясы өзара өнім бөлісу туралы келісімнің шеңберінде Қазақстан өтеп беретін шығындарды заңсыз ұлғайтып отыр - Есеп комитеті

Agip компаниясы өзара өнім бөлісу туралы келісімнің шеңберінде Қазақстан өтеп беретін шығындарды заңсыз ұлғайтып отыр - Есеп комитеті

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Agip компаниясы өзара өнім бөлісу туралы келісімнің шеңберінде Қазақстан өтеп беретін шығындарды заңсыз ұлғайтып отыр. Бұл туралы ҚР Есеп комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Сейітқұл парламент сенатының жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, "елімізге енгізілетін тауардың нақты құнына тиімді кедендік бақылау жүргізілмей отыр. Ал сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар мұндай жайтты бірден пайдаланады". "Мәселен, Agip компаниясы мен оның мердігерлері өзара өнім бөлісу туралы келісімнің шеңберінде Қазақстан өтеп беретін шығындарды заңсыз ұлғайтып отыр, бұл тиісінше, елімізге түсетін пайданы кеміте түседі", - деді ол.

"Айталық, бір данасы 5 мың АҚШ доллары тұратын жейденің құны мен бір килограммы 45 мың доллар тұратын, қағазға арналған алюминий науаның бағасына қалайша күмән келтірмеуге болады?" - деді Қ. Сейітқұл.

"Компанияның мұндай қызметі тиісті органдардың жіті назар аударуын талап етеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны