25.07.2017, 19:51 4759

Аграрлық қайта өӊдеуді дамыту - АӨК-ті дамытудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А Мырзахметов ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу картасыныӊ жүзеге асу жоспарларын баяндады.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А Мырзахметов ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу картасыныӊ жүзеге асу жоспарларын баяндады.

Мәлім болғандай, ауыл шаруашылығыныӊ тиімділігі аграрлық қайта өӊдеуге байланысты. Себебі ол ауылшаруашылық өнімдерге сұраныс туғызып, оныӊ қосымша құнын арттыра түседі.

Осыны баса айтқан Вице-премьер өз сөзінде аграрлық қайта өӊдеуді дамытудыӊ экономиканыӊ үшінші модернизациясыныӊ жобалық шеӊбері аясында 5,3% көлемінде АӨК-тіӊ жалпы өнімніӊ орташа өсім ырғағын қамтамасыз ететінін атап өтті. Яғни, оныӊ жалпы өнім өсіміне орташа жылдық үлесі 50%-ды құрамақ. Мұныӊ өзінде ауылшаруашылық өнімдерді қайта өӊдеу үдерісі өсімдік шаруашылығы өндірісін 1,4%-ға, ал мал шаруашылығын 1,2%-ға арттырады.

Сондай-ақ, АШМ тарапынан ауылшарушалық өнімдерін қайта өӊдеуді дамытудыӊ әлеуеті мен басымдықтарын анықтау үшін танымал ғалымдар мен қайта өӊдеуші кәсіпорындар мамандары, "Атамекен" ҰКП және облыстық әкімдіктер өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылды.

Соӊғы 4 айдыӊ көлемінде кеӊ ауқымды талдама жұмыстары жүргізіліп, ел аумағындағы барлық дерлік кәсіпорындардыӊ анкеталары жасалып, ағымдағы мүмкіншіліктері зерттеп зерделеуден өтті. Осыныӊ негізінде олардыӊ өндірістік ахуалы, қуаттылық деӊгейі, енгізілу жылы, құрал-жабдық түрі, жүктелім мен шығарылатын өнім көлемі сынды тармақтары көрсетілген мәліметтер базасы әзірленді.

Бүгінгі таӊда қолда бар мәліметтерге қарағанда, республика бойынша 1 345 белсенді қайта өӊдеу кәсіпорыны бар.

Сонымен қатар, 435 кәсіпорынға ұсынылған қайта өӊдеудіӊ 9 басым түрі анықталып нақтыланды. Атап айтқанда, сүт, ет, тері, жүн, майлы және астық дақылдар, көкөністер мен жемістер, қант қызылшасы мен картоп тұрғылары назарға алынды. Осылайша әрбір облыс пен аудан кесімінде қайта өӊдеу кәсіпорындарын орналастырудыӊ картасы дайындалды. Аталған құжатта айналым қаражаты үшін несиеге қол жеткізу мен ауылшаруашылық кооперативтері арқылы шикізат жинау арқылы қолда бар қуаттылықтарды барынша жүктеу қарастырылған. Осы қатарда жұмыс істеп тұрған 80 қайта өӊдеу кәсіпорынын жаӊғырту мен тағы да жаӊадан 79-ын салу қарастырылған.

Айталық, сүтті қайта өӊдеу бойынша 148 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, олардыӊ 41-і қайта жаӊғыртуды талап етеді. Ал 42 шағын кәсіпорын 2021 жылға қарай іске қосылуға тиіс. Қазіргі таӊда сүт өӊдеуші кәсіпорындардыӊ 60%-ға жүктеліп тұрғанын атап өткен жөн. Ал 2021 жылға қарай олардыӊ жүктелімі 80%-ға жетпек. Міне, осыныӊ есебінен сүтті қайта өӊдеу көлемі 1,6 млн. тоннаға артып, қайта өӊдеу үлесі 31%-ға жетпек.

Өз кезегінде, аталған шаралар сүт өнімдері өндірісі көлемін 49%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ірімшік импортыныӊ көлемі 70%-дан 51%-ға, май 37%-дан 17%-ға, сүзбе 35%-дан 23%-ға төмендемек.

Дәл осындай көрініс ауылшаруашылық шикізатыныӊ қалған 8 басымдыққа ие түрлерінде қылаӊ беруде.

Қайта өӊдеу картасын жүзеге асыруға инвестициялық қажеттілікті қанағаттандыру негізгі және айналымдағы қаражат есебінен инвестициялық субсидия, сондай-ақ, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері арқылы қамтамасыз етілмек.

Аграрлық қайта өӊдеуді дамыту бойынша шаралар жүйесі тиісті тараптар тұрғысынан қолдау тауып, құпталған жағдайда (Аграрлық қайта өӊдеу картасы) АШМ бекітілген тәртіпке сәйкес АӨК-ті дамтудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізеді.

Қазірдіӊ өзінде "ҚазАгро" мен "Бәйтерек" холдингтері арасында өзара үйлестірілген инвестициялық саясат пен аграрлық қайта өӊдеу жобаларын іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Үкімет отырысыныӊ соӊында арнайы брифинг өткізіліп, онда Вице-министр Р.Құрманов БАҚ өкілдерініӊ ауылшаруашылық шикізатын қайта өӊдеу мәселелері бойынша сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны