04.12.2012, 18:54 2954

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ биржада листинг процедурасынан өтті

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашасындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл, жылдық 7,00 % жартыжылдық купон, 30/360 облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді.

Алматы. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, AGKKb3) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша биржада листинг процедурасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашасындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл, жылдық 7,00 % жартыжылдық купон, 30/360 облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.

Аталған акциялармен KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2011 жылдың 18 желтоқсандағы куәлігіне сәйкес "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ аталған облигацияларын шығару екінші облигациялық шығарылым аясында жалпы осмасы6,0 млрд.теңге көлемінде KASE листинг рәсімінен өткен аталған эмитенттің ішкі облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады.

Аталған облигациялардың андеррайтері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) AGKKb3.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны