09.09.2015, 14:32 4705

Аграрлық шаруашылықтарға көмек ретінде "ҚазАгро" холдингі мен "Astana" ИКК арасындағы Меморандум.

Астанада ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалдыӊ араласуынсыз өткізуге көмек көрсетіледі. "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арасында аграрлық шаруашылықтардыӊ өткізу нарықтарына шығуына көмектесіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастыр туралы меморандумға бүгін қол қойылды

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалдыӊ араласуынсыз өткізуге көмек көрсетіледі. "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арасында аграрлық шаруашылықтардыӊ өткізу нарықтарына шығуына көмектесіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастыр туралы меморандумға бүгін қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құжатта атап көрсетілгендей, тараптар отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерініӊ өнімдерініӊ Астана қаласыныӊ нарықтарында тікелей қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ жобаларды іске асыру бойынша күштерін біріктіруге ниетті.

"Astana" ИКК" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Армана Рамазановтыӊ айтуы бойынша, корпорация "ҚазАгро" холдингі компаниялары тобыныӊ қарыз алушылары қатарындағы шаруашылықтарға олардыӊ өздері өндіретін ауылшаруашылық өнімдерін өткізу үшін "Шапағат" коммуналдық базарынан сауда орындарын жалға береді. Меморандум шеӊберінде ИКК ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен "ҚазАгро" холдингін коммуналдық базардағы орындар туралы ұдайы ақпараттандырып тұрады.

Өз кезегінде "ҚазАгро" холдингінде "Шапағат" коммуналдық базарында өз өнімдерін сатуға қатысу үшін холдингтіӊ компанияларында қаржыландырылған барлық мүдделі агробизнес өкілдерін тартуға ниеттеніп отыр. "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Айгүл Мұхамадиева атап өткендей, холдинг, сондай-ақ өзініӊ қарыз алушылары арасында елдорданыӊ "Шапағат" базарындағы бос сауда орындары туралы мәліметтерді таратуға көмек көрсететін болады, және бұдан өзге, оныӊ құрылымына кіретін қаржы ұйымдарыныӊ несие өнімдері туралы ақпаратты ұсынады. Иӊгіме, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ және ҚазАгроҚаржыныӊ несие ресурстары мен лизинг бағдарламаларын пайдалану арқылы қойма, мұздатқыш бөлмелерін салу мүмкіндіктері, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өлшеу, буып-түю және қайта өӊдеу үшін жабдықтар сатып алу туралы.

Қол қойылған құжаттыӊ шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда әрбір тарап Меморандумды іске асыруға жауапты өзініӊ уәкілетті өкілдерін тағайындауға құқылы.

"ҚазАгро" холдингініӊ Ақмола облысыныӊ 2014 жылы АӨК қаржыландыруыныӊ жалпы көлемі 47 млрд. теӊгені құрады. Бұл республика бойынша жалпы көлемніӊ 21%-ы, ол 222,2 млрд. теӊгені құрады. 2015 жылдыӊ басынан бастап облыстыӊ АӨК қолдауға холдингпен 40 млрд.теӊгеден астам қаражат бағытталды, ол Қазақстан бойынша жалпы көлемніӊ 30%-ын - 133,5 млрд. теӊгені құрайды. "ҚазАгро" холдингініӊ инвестициялық қоржынында облыс бойынша және Астана қаласы бойынша 78 жоба бар, оныӊ жалпы құны 54 млрд. теӊге, 2,3 мыӊ жұмыс орны құрылады. Оныӊ ішіндегі жалпы құны 38,4 млрд.теӊгеніӊ 62 жобасы іске қосылған, 1,8 мыӊ жұмыс орны құрылды.

2015 жылы Ақмола облысы бойынша 12 жобаны іске қосу жоспарланған (қуаттылығы 13 000 тонна көкөніс қоймасы, қуаттылығы 159 500 тонна 6 астық қоймасы, 4,4 га арналған жылыжай, қуаттылығы 9 400 тоннаға дейінгі құс етін шығаратын құс фабрикасы, астықты қайта өӊдеу, қуаттылығы 7 000 тонна көкөніс қоймасы

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны