25.07.2014, 19:57 3835

Аграршылар астық жинау техникасын жеңілдік шарттарымен алады

"Егін 2014" бағдарламасы бойынша "ҚазАгроҚаржы" АҚ қазақстандық шаруаларға лизингтің екі нұсқасын ұсынады. Біріншісі - фермер әдеттегі 15 пайыздың орнына 10 пайыздық төлемді өтей отырып, техниканы кепілдік қамтамасыз етусіз сатып алуға мүмкіндігі бар. Екіншісі - фермер төлемді 15 қарашаға дейін шегеріп, астық қолхаты бойынша, техника құнының 10 пайызы мөлшерінде 2014 жылғы астықты кепіл ретінде ұсына алады.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Астық жинау кезінде, шаруаның әр тиыны санауда болғанда, "ҚазАгроҚаржы" АҚ астық жинау техникасының лизинг шарттарын едәуір деңгейде жеңілдететін "Егін 2014" бағдарламасын жетілдірді, - деп "ҚазАгро" холдингінен хабарлады.

"Егін 2014" бағдарламасы бойынша "ҚазАгроҚаржы" АҚ қазақстандық шаруаларға лизингтің екі нұсқасын ұсынады. Біріншісі - фермер әдеттегі 15 пайыздың орнына 10 пайыздық төлемді өтей отырып, техниканы кепілдік қамтамасыз етусіз сатып алуға мүмкіндігі бар.

Екіншісі - фермер төлемді 15 қарашаға дейін шегеріп, астық қолхаты бойынша, техника құнының 10 пайызы мөлшерінде 2014 жылғы астықты кепіл ретінде ұсына алады.

Астық жинау техникасы 12,8 пайыздық шарттарымен беріледі. Бұл ретте мемлекет қаржыландырудың жалпы мөлшерлемесінің 7 пайызын субсидиялайды. Осылайша "ҚазАгроҚаржы" АҚ-да ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша мөлшерлеме жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайтын болады.

"Қазіргі кезде "ҚазАгроҚаржы" АҚ белсенді түрде сұранымдарды жинастырып жатыр. Бүгінгі таңда 13,3 млрд. теңгеден асатын сомаға 467 сұраным қабылданды. Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 4,4 млрд. теңге сомасына 210 техника бірлігі берілген болатын", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны