11.06.2015, 14:35 4895

Аграршылар "жасыл технологиларяға" ауысуда

Бүгінгі таӊда отандық аграршылардыӊ алдында жекелеген ауылдық аумақтарда тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін баламалы энергия көздерін іздестіру мәселесі тұр.

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда отандық аграршылардыӊ алдында жекелеген ауылдық аумақтарда тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін баламалы энергия көздерін іздестіру мәселесі тұр. Жұртқа мәлім, алыс жайылымдар, далалық және тау бөктерлеріндегі аудандар қазір ауыл шаруашылығын ұйымдастыру үшін еӊ экологиялы аудандар болып табылады. Ол жерлердіӊ, ауасы да таза, шөбі те көк, бірақ өкінішке орай, мұндай аудандарға электр беру желілері жүргізіле бермейді, шаруашылықтар аграршылардыӊ тұрмысын қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ, қандай да болсын бір агрокәсіпорынныӊ қызмет атқаруына қажетті су сорғылары мен өзге де коммуникациялардыӊ қол жетерліктей болуына мүмкіндік беретін электр желілеріне қолдары жетпей тіршілік етуге мәжбүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ табиғи ресурстарын сақтау және аграршыларға көмектесу мақсатында, "ҚазАгроҚаржы" АҚ электр қуатын өндіріп шығаруға арналған қондырғыларды - отандық және шетелдік өндірістердіӊ күн батареялары мен жел қондырғыларын сатып алуға қаржыландырады. Атап айтқанда, компанияныӊ қолдауымен Батыс Қазақстан облысыныӊ Шыӊғырлау ауданы Ащысай поселкесінде аудан үшін бірегей, жел генераторынан және күн батареяларынан тұратын 7 кВт гибридтік жүйеніӊ энергия үнемдегіш кешені орнатылған. "Жел және күн" энергиясыныӊ арқасында электр желісінен шалғайда орналасқан, мал шаруашылығымен айналысатын "Гайни" шаруа қожалығы бүгінгі күнде сағатына 10 квт энергия қуатын алатын мүмкіндікке ие болып отыр. Бұл қуат қарамағында 227 бас малы бар шаруашылықтыӊ қажеттіліктерін, соныӊ ішінде су сорғысыныӊ жұмысын толығымен қамтамасыз етуге, базаны толығымен жарықтандыруға, теледидардыӊ, тоӊазытқыштыӊ және өзге де ұсақ тұрмыстық электр құралдарыныӊ жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті.

- Бұл қондырғы бізге 10 жыл мерзімге 8 млн. теӊгеге түсті, - дейді "Гайни" ШҚ басшысы Айсиев Жасқайрат, - біздіӊ санауымызша, энергия қуатын дизельді отынныӊ көмегімен өндіруден гөрі, бұл әлдеқайда арзанырақ, әрі тиімдірек. Біздіӊ жоспарымызда шаруашылықтыӊ аумағында 1000 бас құсқа жұмыртқа бағытындағы қосымша құс фабрикасын құру мәселесі тұр, негізгі ғимаратыныӊ іргесін көтердік, енді азы қалды! Біздіӊ есебіміз бойынша, сағатына 10 квт құс фабрикасын толық жарақтандыруға жеткіліксіз болады.

Сонымен бірге, "Агробизнес 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде аталмыш жоба сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламасына түсті. Бүгінгі таӊда 7% мемлекет тарапынан субсидиялауға жатады, яғни, шаруашылық жылдық 12,8 % емес, оныӊ орнына 5,8 % төлейтін болады.

Айтып кеткен жөн, бұл энергия үнемдеу бойынша "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы қаржыландырылған бірінші жоба емес. Бүгінгі таӊда осыған ұқсас гибридті энергия үнемдегіш жүйелер Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да орнатылған.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ -1999 жылы ҚР Үкіметініӊ Қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг түрінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканыӊ аграрлық секторын дамытуды қолдау.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны