28.05.2014, 22:19 3646

"Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында 50-ге жуық агрокәсіпорын қаржылық сауықтырудан өтеді

Отырыс барысында Комиссия бірқатар қаржы институттары, оның ішінде "ҚазАгро" холдингісі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер ұсынған 55 өтінімді қарап шықты.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. "Қазагромаркетинг" АҚ Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның биылғы екінші отырысын ұйымдастырды.

Отырыс барысында Комиссия бірқатар қаржы институттары, оның ішінде "ҚазАгро" холдингісі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші деңгейлі банктер ұсынған 55 өтінімді қарап шықты.

Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 30,4 млрд. теңгені құрайды.

Қарыз алушылар 9 өңір мен 2 қаланың кәсіпорындары болып табылады: СҚО - 12, Ақмола облысы - 6, Қостанай облысы - 7, Ақтөбе облысы - 4, Алматы облысы - 5, ШҚО - 9, БҚО - 1, Қарағанды облысы - 5, Павлодар облысы - 1, ОҚО - 2, Астана қаласы - 1 және Алматы қаласы - 2.

Комиссия отырысының қорытындылары бойынша 46 өтінім қанағаттандырылды, олардың ортақ қарызы 15,5 млрд. теңгені құрайды, деп "Қазагромаркетинг" АҚ-да хабарлады.

Естеріңізге салар болсақ, қаржылық сауықтыру шарасы екінші жыл жүзеге асырылып отыр. Былтыр қарызы 17,7 млрд. теңгені құрайтын 27 өтінім қанағаттандырылған болатын. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның биылғы бірінші отырысында ортақ қарызы 56,7 млрд. теңгені құрайтын 28 өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны