12.02.2013, 13:29 3070

"Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыруға 3 трлн-нан астам теңге қажет

2013-2020 жылдарға АӨК-нін дамытудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға 3 трлн-нан астам теңге қажет болады, деп мәлім етті Ауыл шаруашылқ министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкімет отырысында.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыруға 3 трлн-нан астам теңге қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013-2020 жылдарға АӨК-нін дамытудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға 3 трлн-нан астам теңге қажет болады, деп мәлім етті Ауыл шаруашылқ министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкімет отырысында.

"8 жылда бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 3 122,2 млрд теңге қажет болады. Сондықтан, мемлекеттік бюджеттен 2 662 млрд теңге керек. Ал, қалған қаржыландыру облигациялық қарыздар 300 млрд теңге және салалардың кәсіпорындарының жеке қаражаты 2,1 млрд теңге мен "КазАгро" ҰБХ" АҚ-ның 96 млрд теңге есебінен жүзеге асырылады", - деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, АШМ басшысы бағдарламаны қаржыландырудың 74%-ы тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге экономикалық қолжетімділікті арттыру бойынша іс-шаралар құрайды, бюджеттің 13%-ы АӨК мемлекеттік қамсыздандыруды дамытуға, 12%-ы қаржы жағдайын сауықтыруға бөлінеді деп атап өтті.

А.Мамытбековтың айтуынша, 2003-2012 жылға Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджетінің өсу қарқыны 20,8%-ды құрады. Осы қарқын сақталатын болса, 2020 жылға дейін бюджет болжамы 8 жылда 4,2 трлн теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны