11.10.2012, 15:38 3797

"Агробизнес-2020" бағдарламасына 3 трлн. теңге қажет

2018 жылға қарай еліміздегі ауыл шаруашылық техника 100 пайыз жаңартылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын ойдағыдай іске асырғанда, осындай межеге жетуді мақсат етеді, деп хабарлайды Сaspionet.kz.

Астана. 11-қазан. Kazakhstan Today - "Агробизнес-2020" бағдарламасына 3 трлн. теңге қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2018 жылға қарай еліміздегі ауыл шаруашылық техника 100 пайыз жаңартылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын ойдағыдай іске асырғанда, осындай межеге жетуді мақсат етеді, деп хабарлайды Сaspionet.kz.

Бүгін министрлік жанындағы іскерлік кеңес екінші мәрте отырыс өткізіп, аталған бағдарламаны бизнес қауымдастығының өкілдерімен талқылады. Сарапшылар жаңа құжатта қарастырылған ауыл шаруашылық нысандарын мемлекеттік қолдау шаралары олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп болады дегенді бір ауыздан айтты. Бағдарламада ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді қолдаудың 6 түрлі қаржылық әдісі көрсетілген. Олар: қарызға кепілдік беру және сақтандыру, несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау, қаржылай сауықтыру, сол сияқты бұрын қолданылмаған жаңа механизм - инвестициялық субсидиялар.

2020 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру үшін 3 трлн теңгеге жуық қаражат қажет. Оның 75 пайызы ауыл шаруашылық нысандары үшін тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталса, 14 пайызы кешенді мемлекеттік қамсыздандыруға жұмсалмақ. Қалған 10 пайызы қаржылық сауықтырудың еншісінде. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімді өндіру көлемі 1,5 есеге артады деп жоспарлануда. Сол сияқты ауылдағы жұмыс адамының еңбек өнімділігін 3 есеге арттырып, ауыл шаруашылығы өнімі саудасынан түскен экспорттық табысты 20 процентке өсіру көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны