06.02.2013, 12:54 3125

"АгромашХолдинг" Chance көліктерін шығаратын екінші желісін іске қосты

Сонымен, қазіргі уақытта зауытта Chance көлігін құрастырушы екі линия параллельді түрде жұмыс істеуде.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - "АгромашХолдинг" Chance көліктерін шығаратын екінші желісін іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сонымен, қазіргі уақытта зауытта Chance көлігін құрастырушы екі линия параллельді түрде жұмыс істеуде.

Жаңа линияның құны туралы айтылмаған.

2012 жылы зауытта Chance 784 көлігі шығарылған болатын.

"Allur Auto дилерлік орталықтарындағы алдын-ала тапсырыстар бойынша 1,5 мың көлік сатылды. Осы орайда компания басшылығы қосымша линия орнату арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру туралы шешім қабылдады", делінген хабарламада.

Компанияның болжамдарына қарағанда, өндірістің кеңейтілуі биыл көлік өндірісінің көлемін 3 мың бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

"Агромашхолдинг" АҚ - өнеркәсіптік кәсіпорын, ол ауыл шаруашылығы техникасын, SsangYong, Chance, IVECO, УАЗ көліктерін шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны