24.04.2012, 14:12 3551

"АгромашХолдинг" жаңартылған SsangYong Actyon Sports-ты құрастырды

Пикаптың техникалық мінездемесі өзгеріссіз қалды деуге болады: көлемі 2,3 литрлі бензинді қозғалтқыш, қуаты 150 л.с., бес басқышты мехиникалық беріліс қорабы.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - "АгромашХолдинг" АҚ автоқұрастыру кәсіпорны жаңа кузовтағы SsangYong Actyon Sports пикапының жаңа нұсқасын құрастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ескі Actyon Sports моделі Қазақстанда өндірістен алынып тасталатын болды.

Пикаптың техникалық мінездемесі өзгеріссіз қалды деуге болады: көлемі 2,3 литрлі бензинді қозғалтқыш, қуаты 150 л.с., бес басқышты мехиникалық беріліс қорабы.

"Автокөліктің кузовы үлкен өзгеріске ұшыраған - рестайлингтің негізгі ерекшелігі оның сәнді әрі еліктіргіш дизайнында, соның арқасында моделге ғана емес, толығымен брендке жаңа аудитория тартылады деген үміт бар", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны