11.11.2011, 15:14 4235

Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы аясында озық жобалар іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы басталды. Форум жұмысына аграрлық саланың 2000-нан астам қызметкерлері қатысуда.

Астана. 11-қараша. Kazakhstan Today - Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы аясында озық жобалар іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы басталды. Форум жұмысына аграрлық саланың 2000-нан астам қызметкерлері қатысуда.

Ел Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов, Парламент палаталарының төрағалары, министрлер мен облыс әкімдері, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттері аумақтық инсепкция өкілдері мен қызметкерлері, ауыл шаруашылық саласындағы қоғамдық ұйымдардың басшылары және осы шаруашылықта ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер бар.

Республикалық жиын барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "он-лайн" режімінде агроөнеркәсіп секторының серпінді жобаларын іске қосады деп жоспарланып отыр.

Оның бірі - Алматы облысының Кербұлақ ауылында орналасқан көкөніс қоймасы, екінші нысан - Ақмола облысының Азат ауылындағы мал бордақылау алаңы.

Форум барысында қатысушылар ауыл шаруашылық саласындағы серпінді жобалармен танысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны