19.10.2018, 20:22 4448

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үш жылда 300 млрд. теӊге немесе жыл сайын 100 млрд. теӊге бөлінетін болады

Қаржы министрі хабарлағандай үш жылдық кезеӊге Жолдауда қамтылған Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын іске асыруға 1 трлн. 288 млрд. теӊге көзделген.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрі Илихан Смайылов Үкіметтегі баспасөз-конференциясында Қазақстан халқына жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған қаражаттыӊ бөлінуі туралы хабардар етті.

Қаржы министрі хабарлағандай үш жылдық кезеӊге Жолдауда қамтылған Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын іске асыруға 1 трлн. 288 млрд. теӊге көзделген.

"Республикалық бюджеттен 3 жыл ішінде 966,1 млрд. теӊге бөлінетін болады (2019 жылы - 324,6 млрд. теӊге, 2020 жылы - 344,6 млрд. теӊге, 2021 жылы - 296,9 млрд. теӊге)", - деп атап өтті Илихан Смайылов.

Қаражат еӊ аз жалақы мөлшерін арттыратын болады (288,9 млрд. теӊге үш жыл ішінде), 85,8 млрд. теӊге - 275 азаматтық қызметшілердіӊ тікелей жалақысын арттыру үшін, 10,4 млрд. теӊге - салықтық шегерімді арттыруға байланысты өӊірлердегі кіріс бөліктіӊ залалын өтеуге.

Өндеу өнеркәсібі мен экспортты дамытуға үш жыл ішінде 500 млрд. теӊге, оныӊ ішінде 322 млрд.теӊге - Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражатты қайтадан пайдалану.

Шағын және орта бизнесті дамытуға (БЖК-2020 бағдарламасы бойынша) үш жылда 90 млрд. теӊге немесе жыл сайын 30 млрд. теӊгеден көзделді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үш жылда 300 млрд. теӊге немесе жыл сайын 100 млрд. теӊге бөлінетін болады.

Жақын арадағы 5 жылда "Нұрлы жер" мембағдарламасы бойынша 650 мыӊнан астам тұрғын үй салу жоспарлануда (76,6 млн. шаршы м), бұл біздіӊ азаматтардыӊ шамамен 2 миллионнан астамын тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

"7-20-25" Бағдарламасы шеӊберінде жақын арадағы 5 жылда 100 мыӊнан астам отбасы тұрғын үйге ие болады.

Жалгерлік тұрғын үйдіӊ құрылысын салуды арттыруға 3 жыл ішінде қосымша 30 млрд. теӊге бөлінетін болады, бұл 250 мыӊнан астам отбасыныӊ тұрғын үйін жақсартуға мүмкіндік береді.

Білім беру объектілерініӊ құрылысына - оқушы орындарына үлкен тапшылыққа тап болып отырған өӊірлерге, сондай-ақ үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге байланысты проблемаларды шешу үшін бюджеттен үш жыл ішінде 50 млрд. теӊге бөлінетін болады.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп психологтарыныӊ жұмысын күшейту шеӊберінде 16,8 млрд. теӊге немесе жыл сайын 5,6 млрд. теӊге бөлінетін болады.

Илихан Смайылов Қаржы министрлігі 2019 жылғы 1 қаӊтардан бастап шағын және орта бизнес үшін "салық амнистиясын" жүргізетін болады деп хабарлады.

Сондай-ақ заӊды тұлғалар үшін салықтық құқық бұзушылар бойынша қылмыстық жауапкершіліктіӊ шегін арттыру жөнінде тиісті заӊнамалық нормалар әзірленуде (ҚК-ніӊ 245-бабы) 20 мыӊ АЕК-тен (48,1 млн.теӊге) 50 мыӊ АЕК-ке (120,2 млн.теӊге) дейін.

Оӊалту және банкроттық бойынша оӊалту және банкроттық рәсімдерінде тұмшаланған активтерді экономикалық айналымға қайтару бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны