20.04.2015, 18:50 4368

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерініӊ қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеӊберінде субсидиялауға өтініштерді қабылдау басталды

"Қазагромаркетинг" АҚ қарыз алушылар мен сақтандыру компанияларынан агроөнеркәсіптік кешен субъектілерініӊ (бұдан әрі - АӨК субъектісі) қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеӊберінде субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ қарыз алушылар мен сақтандыру компанияларынан агроөнеркәсіптік кешен субъектілерініӊ (бұдан әрі - АӨК субъектісі) қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеӊберінде субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияныӊ бір бөлігін субсидиялауға:

- ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер;

- АӨК саласындағы қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер жатады.

Кепілдендіру мен сақтандыру аясындағы субсидиялар кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияныӊ 50%-ын өтеуге бағытталады.

АӨК субъектілерініӊ қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеӊберінде субсидиялаудыӊ негізгі мақсаты АӨК субъектілерініӊ кредит ресурстарына қолжетімділігін кеӊейту және қамтамасыз ету болып табылады.

Субсидияларды беру шарттары, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қабылдау және шешімдерді шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерініӊ қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеӊберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 05 тамыздағы №900 қаулысымен бекітілген.

"Қазагромаркетинг" АҚ бағдарлама аясында оператор қызметін атқарады.

Бағдарлама республиканыӊ барлық аумағы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні өтінімдерді "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ 6 облыстағы (Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды Ақтөбе, Оӊтүстік Қазақстан) және Астана қаласындағы өкілдіктері қабылдауда. Өзге облыстарда өтінімдерді қабылдау жуық арада басталады.

Қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру шеӊберінде субсидиялау Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасыныӊ бір бағыты болып табылады.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны