18.07.2018, 17:27 9512

Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында "Қаскелеӊ" агропаркі пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

2018 жылы "Қаскелеӊ" агропаркі базасында нәтижелерді тарату үшін 200-ден астам фермер оқытудан өтті.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында осы жылы "Қаскелеӊ тәжірибелік шарушылығы" ЖШС базасында "Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротехникалық паркі" ("Қаскелеӊ" агропаркі) пилоттық жобасы құрылды. Оныӊ негізгі бағыттары - жүгері, соя, жаздық бидай, арпа және басқа да перспективалы дақылдарды өсіру.

Ғылыми-өндірістік агропарктерініӊ дамуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ агроөнеркәсіптік кешендегі еӊбек өнімділігін арттыру және өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есеге арттыру жөніндегі Елбасыныӊ тапсырмасын орындау аясындағы басты міндеттерініӊ бірі болып табылады.

"Қаскелеӊ" агропаркінде ұсынылған Қазақстан үшін бірегей нысан ретінде тәжірибе алқаптарында "автопилот" режимінде дәнді-дақылдарды жинауды көрсеткен толық автоматтандырылған John Deere S760 комбайны болды. Алқабтыӊ электронды картасына арнайы ойластырылған бағдарлама алқабтағы астық жинау машинасын адамныӊ қатысуынсыз басқарады.

Жоба агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында іске асырылған және электронды суаруды енгізуден бастап, дрондардыӊ көмегімен жерді қашықтықтан алдын ала тексеру, роботтандырылған астық жинау және спутникпен байланысты метеостанцияға дейін тыӊайтқыштарды автоматты түрде енгізу сияқты нақты егін шаруашылығыныӊ бірқатар шаралар кешені қамтылған.

Шараға ҚР АШМ және "ҰАҒБО" КеАҚ басшылығы, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерініӊ өкілдері, сонымен қатар, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және т.б. шетелдік аграрлық кәсіпорындардыӊ өкілдері қатысты.

Ауыл шаруашылығыныӊ бірінші вице-министрі Арман Евниев атап өткендей, іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге үздік сұрыптардыӊ өнімділігін арттыру үшін әзірленген жаӊа технологияларды енгізу нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік берді. Олардыӊ ішінде No till - суарылмайтын жерлерде қарқынды өсімдіктерді егіп өсіру технологиясын ерекше атап өтуге болады.

"Қаскелеӊ" агропаркі аумағында нақты егін шаруашылығыныӊ элементтерін енгізу тәжірибе алқабтарында өндірістіӊ тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Мәселен, жаздық бидайды дәстүрлі және инновациялық технологиялар арқылы өндіру шығындарыныӊ айырмашылығы бірден байқалады. Дәстүрлі технология кезінде таза пайда 85 мыӊ теӊге/га құрайды. Ал инновациялық технологияларды пайдалану кезінде 232,5 мыӊ теӊге/га. Осындай сараптамалар тәжірибелік жолдары арқылы басқа да дақылдар: жаздық арпа, жүгері гибридтері, соя түрлеріне де жүргізілген. Инновациялық технологиялардыӊ барлық экономикалық көрсеткіштері дәстрүрліден жоғары.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар бизнеске қосымша шығынсыз үздік әлемдік жетістіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені, ауыл шаруашылығындағы еӊ тиімді шешімдерді трансферттеу, бейімдеу және апробациясы шығындарын мемлекет өзіне алып отыр. Агропарктер алқаптарындағы тиімділік көрсеткіштерініӊ дәлелі және қолданылуға алынған технологиялар отандық бизнеске экономикалық шығындарын айтарлықтай төмендетуге және өнімділіктерін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

2018 жылы "Қаскелеӊ" агропаркі базасында нәтижелерді тарату үшін 200-ден астам фермер оқытудан өтті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны