18.07.2014, 19:04 3179

Агроөнеркәсіптік кешеннің 169 субъектісі қаржылай сауықтырудан өтеді

"ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы - "Қазагромаркетинг" АҚ АӨК-тің 169 субъектісіне қатысты қаржылық сауықтыру шараларын қолдану шешімі қабылданды, - деп ұлттық холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. "ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы - "Қазагромаркетинг" АҚ АӨК-тің 169 субъектісіне қатысты қаржылық сауықтыру шараларын қолдану шешімі қабылданды, - деп ұлттық холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

АӨК-тің 169 субъектісіне қатысты қаржылық сауықтыру шараларын қолдану шешімі қабылданды. Аталған АӨК субъектілерінің несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы сомасы 149,2 млрд. теңгені құрайды.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша шаралар шеңберінде қаржы институттарынан өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, қаржылай сауықтыру бағдарламасы - мемлекеттік қолдау шаралары, арнайы техника мен жабдықтарды иеленуге алған несиелерін арзандатуға мүмкіндік береді. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылады және айыппұлдар мен өсімақылар алынып тасталады.

АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бағдарламасы екінші жыл іске асырылып келеді. 2013-2014 жж. ішінде негізгі қарыз сомасы 167,6 млрд. теңгені құрайтын АӨК-тің 217 субъектісінің өтініштері қанағаттандырылды. Барлық мақұлданған қарыз алушылар бойынша 58,0 мың тұрақты жұмыс орнын сақтап қалу жоспарланған.

Өтінімдері мақұлданған АӨК субъектілері нақты мына салаларда еңбек етеді: астық, бұршақ және майлы дақылдарды өсіру - 86%, сервистік қызметтер мен трейдерлік қызмет - 8,5%, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу - 3%, құс шаруашылығы - 2%, мал өсіру - 0,5%.

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін "Қазагромаркетинг" АҚ-ның байланыс орталығына 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша ұялы және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны