05.07.2018, 20:14 4232

АХҚО мен Дубайдағы көп компонентті орталық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Меморандумныӊ мақсаты АХҚО, Сауда ағыны мүшелерініӊ және Дубайдағы алтын мен тауар биржасы мүшелерініӊ арасындағы тауар биржасы мен саудадан кейінгі қызмет көрсету перспективаларын жеӊілдету үшін Тараптар арасындағы ынтымақтастықтыӊ ресми негізін құру болып табылады.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) атынан АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Дубайдағы көп компонентті орталықтыӊ (бұдан әрі -ДККО) атынан ДККО-тыӊ Атқарушы Төрағасы Ахмед Бин Сүлейем инновациялық технологиялар саласын дамыту аясында, сондай-ақ АХҚО қатысушысы ретінде тіркеу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, Тараптар тауар саудасы және саудадан кейінгі қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Меморандумныӊ мақсаты АХҚО, Сауда ағыны мүшелерініӊ және Дубайдағы алтын мен тауар биржасы мүшелерініӊ арасындағы тауар биржасы мен саудадан кейінгі қызмет көрсету перспективаларын жеӊілдету үшін Тараптар арасындағы ынтымақтастықтыӊ ресми негізін құру болып табылады.

Тауар саудасы және саудадан кейінгі қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым құру үшін, сондай-ақ ДККО платформасына АХҚО қатысушылары қол жеткізе алуы мен Қазақстан тауарларын қоса алғандасауда-саттық және саудадан кейінгі қызметтер үшін жедел және техникалық талаптарға қатыстыАХҚО және ДККО білім мен тәжірибе алмасуда өзара қолдау көрсетуге келіседі.

Тараптар техникалық білімді, ноу-хау және еӊ үздік нарықтық тәжірибе алмасу екі елдіӊ экономикалық және қаржылық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету.

AstanaFinanceDays. Астананыӊ 20 жылдығын мерекелеу "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ ресми ашылуы және АХҚО Биржасыныӊ іске қосылуымен безендіріліп Астананыӊ дамуына одан әрі серпін беретіп, оны өӊірлік қаржы хабына айналдырады.

АХҚО-ныӊ ресми ашылуы 2018 жылы 3-5 шілдеде AstanaFinanceDays аясында өтеді, оған шетелдік мемлекеттердіӊ басшылары, Нобель және Пулитцер сыйлығыныӊ лауреаттары, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарыныӊ басшылары қатысады. 40 елдіӊ 150-ден астам спикерлері экономика, қаржы, экология және ақпараттық технологиялар салаларындағы өздерініӊ тәжірибелері мен кәсіби дағдыларымен бөліседі. AstanaFinanceDays "AIFC DigitalExhibition" сандық бастамаларыныӊ көрмесін, сондай-ақ келесі форумдар мен конференцияларды қамтиды:

o Астана ислам экономикалық форумы;

o Жасылөсу форумы/ GEWR'2018;

o Жаһандық қаржы форумы;

o 2-ші Астана халықаралық капитал нарығы форумы;

o FinTech 2018;

o Еуразиялық экономикалы комиссиясы сессиялары;

o АХҚО құқықтық мәселелері жөніндегі конференциясы.

Дубайдағы көпкомпонентті орталықтыӊ (ДККО) 2002 жылы Дубайдыӊ үкіметі жаһандық тауар айналымыныӊ орталығы ретінде Дубайды құру үшін қажетті физикалық, нарықтық және қаржы инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі мандатпен стратегиялық бастама ретінде құрылды.

2016 жылғы наурыздағы жағдай бойынша онда 11 700-ден астам қатысушы тіркелген, оныӊ ішінде тауарлар мен басқа да кәсіпорындар бар.www.dmcc.ae

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны