27.01.2016, 18:08 4350

"Air Astana" билет бағасын арзандатпайды

"Air Astana" әуе компаниясы авиациялық жанармай бағасыныӊ елеулі түрде арзандап жатқанына қарамастан, ұшақ билетін арзандатпайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етілді

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Air Astana" әуе компаниясы авиациялық жанармай бағасыныӊ елеулі түрде арзандап жатқанына қарамастан, ұшақ билетін арзандатпайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Авиациялық керосинніӊ бағасы біршама арзандады. Соӊғы 1,5 жыл ішінде 40 пайызға төмендеді. Бұл әрине, біз үшін жақсы, бірақ осы уақыт ішінде компанияныӊ долларлық шығындары артып кетті", - деді Air Astana әуе компаниясыныӊ президенті Питер Фостер, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кетелік, 2015 жылы компания 47,7 млн. доллар көлемінде пайда тапқан. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 144 пайызға жоғары. Сонымен қатар, өткен жылы әуе компаниясы барлығы - 3,86 млн. жолаушыны тасымалдаған. Ал бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны