13.07.2026, 09:06 10516

Air Astana Дубайға әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Air Astana Дубайға әуе қатынасын уақытша тоқтатты
Сурет: Depositphotos
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тоқтатады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Әуекомпаниясының мәлімдеуінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы - Дубай - Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана - Дубай - Астана рейстері тоқтатылады.

Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін тегін қайта брондау ұсынылады.

Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны