13.02.2014, 19:28 13322

Айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамдарының ахуалы негізінен қалпына келді - Ұлттық банк

"Айырбастау пункттерінің үздіксіз жұмыс істеуін және олардың халықпен жүргізілетін операцияларда алыпсатарлығына жол бермеу мақсатында ҚР Ұлттық Банкі және оның аумақтық филиалдары қолма-қол шетел валютасының ішкі нарығындағы ахуалдың мониторингін тұрақты түрде жүзеге асырып отыр",- деп хабарлайды Ұлттық банк.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамдарының ахуалы негізінен қалпына келді, деп хабарлайды Kazakhstan today Ұлттық банк хабарламасына сілтеме жасап.

"Айырбастау пункттерінің үздіксіз жұмыс істеуін және олардың халықпен жүргізілетін операцияларда алыпсатарлығына жол бермеу мақсатында ҚР Ұлттық Банкі және оның аумақтық филиалдары қолма-қол шетел валютасының ішкі нарығындағы ахуалдың мониторингін тұрақты түрде жүзеге асырып отыр",- деп хабарлайды Ұлттық банк.

Банк ақпаратына сәйкес, 2014 жылғы 13 ақпанда ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Қ.Келімбетов Қазақстанның өңірлері бойынша жүргізілетін мониторингтің барысы мен нәтижелері бойынша ҚР Ұлттық Банкі аумақтық филиалдары директорларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.

Ұлттық банктің хабарлауынша, "2014 жылғы 13 ақпандағы сағат 11:00-дегі жағдай бойынша айырбастау пункттерінің негізгі айналымын қамтамасыз ететін валюталар - АҚШ доллары мен еуро бағамдарының ахуалы негізінен қалпына келді. Теңгеге АҚШ долларын сатып алу және сату бағамдарын айырбастау пункттері ҚР Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы операциялар үшін мәлімдеген дәліз шегінде белгілеуде. Бүкіл өңірлердің айырбастау пункттерінде АҚШ доллары бойынша сатып алу бағамы мен сату бағамы арасындағы айырма 2 теңгеден, ал еуро бойынша 3 теңгеден аспайды".

ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында "жедел желілер" ашылды, онда азаматтар айырбастау пункттері жұмысының бұзылуы анықталған кезде өтініш білдіре алады. Жеке тұлғаның айырбастау пункттері жұмысы бойынша шағымының болуы жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады, ҚР Ұлттық Банкінің тиісті аумақтық филиалына жіберілген шағымның нысаны міндетті түрде әрбір айырбастау пунктінде болады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, кеңесте АҚШ долларын және еуроны сатудың айырбастау пункттері 2014 жылғы 13 ақпанда таңертеңгі сағат 10-ға белгілеген ең жоғары бағамдары бойынша мониторингтің нәтижелері аймақтар бойынша ұсынылды.

"Республика бойынша АҚШ долларын теңгеге сатудың ең жоғары бағамы Павлодар облысында (187 KZT/USD), еуро бойынша Шығыс Қазақстан облысында (260 KZT/EUR) тіркелді",- деп хабарлайды Ұлттық банк.

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлері бойынша қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуалды қадағалауды жалғастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны