02.10.2007, 13:46 2762

Аймақтардың жартысы әлі күнге дейін астықтың тұрақтандыру қорларын құрған жоқ - Ауыл шаруашылық министрлігі

Аймақтардың жартысы әлі күнге дейін астықтың тұрақтандыру қорларын құрған жоқ - Ауыл шаруашылық министрлігі

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Аймақтардың жартысы әлі күнге дейін астықтың тұрақтандыру қорларын құрған жоқ. Бұл туралы дүйсенбі күні өткен үкіметтің селекторлық жиналысының барысында жарияланды.

"Жеті облыс - Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары Азық-түлік корпорациясымен меморандумға қол қойған (тұрақтандыру қор құру мақсатында - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі)", - деп хабарлады Ауыл шаруашылық вице-министрі Дулат Айтжанов. "Осы тұрақтандыру қорлардың жалпы көлемі 293 мың тонна астықты құрайды", - деді Дулат Айтжанов. Алайда, вице-министрдің айтуынша, 1 қазан күнгі жағдай бойынша тек бар болғаны 23 мың тонна астық немесе жоспарланған көлемнің 7,8 %-ы ғана жиналған.

Ауыл шаруашылық министрлігінің ақпаратына сәйкес, Атырау және Қостанай облыстары ғана тұрақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстарды дербес жүргізуде. "Қалған барлық облыстар және Астана мен Алматы қалалары тұрақтандыру қорын құру бойынша шараларды қабылдаған жоқ", - деді Дулат Айтжанов.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов жиналыс барысында тұрақтандыру қорын құру бойынша жұмыстар не себептен басталмағандығын сұрады. "Бұл әкімдердің қорды құрғысы келмеуінен ба, әлде, Азық-түлік корпорациясымен бірге сіздің (Ауыл шаруашылығы министрлігінің - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) оларға оны құруға көмектескіңіз келмеуінен ба?", - деген сұрақ қойды К. Мәсімов вице-министрге.

"Мен бұл Азық-түлік корпорациясының ынтасыздығынан болды дегенге күмәнім бар. Өйткені, бұл туралы оларға күн сайын айтылды және Азық-түлік корпорациясының өкілдері жергілікті атқару органдарымен шын мәнінде жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді Дулат Айтжанов.

Отырыс барысында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ президенті Руслан Азимов Азық-түлік корпорациясы астықты тоннасына 205 - 210 АҚШ долларынан сатып алып жатқандығын, ал тұрақтандырғыш қорларға астық 220 - 230 АҚШ долларымен (сақтау және т.б. есепке алғанда) жіберіліп жатқанын хабарлады.

Аймақтардың әкімдерін тыңдай отырып, Үкімет басшысы Маңғыстау облысында жедел арада тұрақтандыру қорын құруға қатысты тапсырма берді. "Азық-түлік корпорациясы астықты өз есебінен сонда жеткізеді, ал Маңғыстау облысы тұрақтандыру қорын құрады. 1 наның бағасы 70 теңге болуға тиіс емес", - деп атап өтті Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны