15.07.2008, 15:20 1045

Академик Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар межеленген

Академик Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар межеленген

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі академик Александр Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар өткізуді межелеп отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Академик Александр Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, "ҚазАгроИнновация" АҚ, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми ұйымдары ауқымды ғылыми және қоғамдық шараларды өткізбекші", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, "мерейтойға арнап 2008 жылдың 1-2 тамызында Астанада және Ақмола облысының Шортанды ауданы Научный кентінде республикалық мемлекеттік органдары мен бұқара өкілдері, танымал отандық және шетелдік ғалымдардың, Қазақстанның астық өндірушілерінің қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді".

А. Бараев - көрнекті ғалым, Қазақстан мен ТМД елдерінде ауылшаруашылығы ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Ленин сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны