23.01.2014, 20:48 4537

Ақмола аграрилері Мәскеумен байланыс орнатуда

"90 шақты отандық шаруашылық пен агроқұрылым өкілдерін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі бизнес форумына қатыстырып отыр. Онда Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті таныстырылады. Өздеріңізге де белгілі, бизнес форумы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр", - делінген хабарламада.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Мәскеудегі бизнес форумға қатысып жатқан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер арасында ақмолалық "Төңкеріс" ШӨӨ" ЖШС бар, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

"90 шақты отандық шаруашылық пен агроқұрылым өкілдерін "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі бизнес форумына қатыстырып отыр. Онда Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті таныстырылады. Өздеріңізге де белгілі, бизнес форумы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр", - делінген хабарламада.

"ҚазАгроФинанс" АҚ қаржылық қолдауы аясында "Төңкеріс" ШӨӨ" ЖШС бидай сақтау қоймасын жаңғыртты. Қазіргі таңда қойма төрт бөліктен тұрады. Оның әрқайсысы 3 мың тонна сыйымдылыққа ие. Яғни қойма 12 мың тонналық. Қойманы жаңғырту бойынша қаржыландырудың жалпы құны 290 млн теңгені құрады.

Айта кету керек, бүгін кәсіпкерлік Мәскеу нарығына жылына 5 мың тонна сүт өнімін тасымалдай алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны