Ақмола кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады
Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылы 18 қыркүйекте "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы Ахметжан Есімов Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Ұлттық компания басшысы өӊірдіӊ әкімі Сергей Кулагинмен кездесті. Облыстыӊ әкімдігі және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ арасында "Отандық тауар өндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ нысандарын салуға қатыстыру туралы" меморандумға қол қойылды. Құжат жергілікті кәсіпкерлер үшін нағыз қолдау көрсетуге бағытталған.
"Қазақстанныӊ еӊ жаӊа тарихында нақ мемлекеттік бағдарламалар өӊірлік бизнеске аман қалып қана қоймай, жаӊа жұмыс орындарын құрып, өндірісті ұлғайтуға көмектескен жағдайлар әлденеше рет орын алған. Бұл, мысалы, Бизнестіӊ жол картасы-2020, "Нұрлы жол". Осынау оӊай емес заманда осындай қолдау көрсетіп отырған жоба ретінде ЭКСПО-2017 болып отыр. Барлық тапсырыстардыӊ көбін дәл өӊірлерде орналастыруға ниеттеніп отырмыз", - деді Ахметжан Есімов шағын және орташа бизнес өкілдерініӊ алдында сөз сөйлегенде.
Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Ахметжан Есімов өнімніӊ сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды. 20-дан астам тауар өндіруші Қазақстанныӊ еӊ ірі құрылысына құрылыс нарығыныӊ кеӊ сұрыпталымы мен жаӊалықтарын ұсынды. Экспозицияда қажетті материалдардыӊ барлық дерлік сегменттері ұсынылды: құм, кірпіш, қазандар, құбырлар, металл құрылымдары, өрт сөндіру құралдары, жылыту жүйелері, өлшеу аспаптары, темір бетон бұйымдары, ағаш бұйымдар, гранит, травертин бұйымдар, геотоқыма, тіпті кәдесыйлық сызғыш пен кеӊсе шамдалдары.
ЭКСПО бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен нақты шарттармен баянды етті.
"АБК Кұрылыс-1" компаниясы автоклавты газды бетоннан блоктарды шығаратын зауыт - "Жаӊа Сервис-2014" ЖШС-імен, қаптауыш керамикалық кірпіш шығаратын зауыт - "ENKI" ЖШС-імен және темір бетон бұйымдар өндірушісі - "РегионСтрой" ЖШС-імен үш ірі шарт жасады.
Кездесу аясында Бірлесіп жұмыс істеу ниеті туралы 11 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, АФФ "Mabco construction s.a." және құрылыс материалдарын шығаратын облыстыӊ еӊ ірі бес кәсіпорны қатарына кіретін "Тыныс" АҚ өзара әрекеттесу туралы келісімге келді. Мұныӊ үстіне, "Mabco construction s.a." табиғи тастан құрылыс бұйымдарын жасауға маманданған "Тұрмыстық химия зауыты" ЖШС-імен және "Интергранитстрой" ЖШС-імен жұмыс істеуге дайындығын білдірді.
Осындай сияқты келісімдерге "Turkuaz YDA Stroy" ЖШС Ақмола облысыныӊ табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен және "Сапа су" ЖШС-імен қол жеткізді.
"Сембол Иншаат" АҚ ақмолалық "Бошан" ЖШС-імен (күйдірілген кірпіш өндіру), "ЦентрПласт" ЖШС-імен (металл құрылымдарын өндіру) және "Көкше" АҚ-ымен (электр санауыштар мен металл құрылымдарды шығару) меморандумдарды жасасты.
"СК "Базис" ЖШС "Торговый дом Степногорский трубный завод "Арыстан" ЖШС-імен, "САЭС СРЕДАЗЭНЕРГОСТРОЙ" ЖШС-імен (өнеркәсіптік және энергетикалық құрылыс) және "Нефрит-Голд" ЖШС-імен (жер қойнауын пайдалану) жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
Облыстармен жасалып, қол қойылған меморандумдар аясында 2015 жылдыӊ 1 қыркүйегіне қарай ЭКСПО-2017 нысандарын салуға 159 отандық тауар өндіруші жалпы сома 21,1 млрд.теӊгеге қатыстырылып отыр. Меморандумдардан тыс 22 отандық кәсіпорын жалпы сома 1,122 млрд.теӊгеге қатыстырылды, соныӊ ішінде Ақмола облысы бойынша 16 кәсіпорын 456 млн. теӊгеге (ЭКСПО-2017 нысандарын салуға жалпы алғанда 181 отандық кәсіпорын қатыстырылып, жалпы сома 22,2 млрд.теӊгеге шарттар жасалған).
Компания Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарыныӊ әкімдіктерімен, сонымен қатар Астана қаласыныӊ әкімдігімен отандық тауар өндірушілерді қатыстыру туралы меморандумдар жасап, қол қойды.