27.08.2012, 16:24 3464

Ақмола облысы 2011 жылы 639 млн АҚШ долларының өнімін экспорттаған

Ақмола облысы 2011 жылдың қорытындысы бойынша 639 млн. АҚШ доллары құрайтын өнімін экспорттады. Соның ішінде сыртқа шығарылған өнімдердің 72%-ын өңделген тауарлар, атап айтқанда, мойынтірек, ұн, металл бұйымдары, азық-түлік тауарлары (балық және балық сүбесі), сондай-ақ, химия саласы өнімдері құрады.

Көкшетау. 27-тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы 2011 жылы 639 млн АҚШ долларының өнімін экспорттаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысы 2011 жылдың қорытындысы бойынша 639 млн. АҚШ доллары құрайтын өнімін экспорттады. Соның ішінде сыртқа шығарылған өнімдердің 72%-ын өңделген тауарлар, атап айтқанда, мойынтірек, ұн, металл бұйымдары, азық-түлік тауарлары (балық және балық сүбесі), сондай-ақ, химия саласы өнімдері құрады.

Бұл мәліметтер бүгін облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен ҚР ИЖТМ "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялау ұлттық агенттігінің Ақмола облысының экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен кездесуі кезінде жария етілді.

KAZNEX INVEST-тің басқарушы директоры Жәлил Булатов атап өткендей, агенттік тарапынан жасалынып жатқан өткізу нарығын анықтау, шетелдік әлеуетті сатып алушыларды іздеу, экспортты ілгерілету сынды сервистік қолдау құралдары Ақмола облысының барлық экспорттаушыларын қамтып отыр. Алайда, аймақта экспорттаушылардың шығындарын өтеу бағдарламасына кәсіпорындардың қатысу белсенділігі өте төмен екендігі байқалуда. Мәселен, экспорттау кезінде кеткен өз шығындарын KAZNEX INVEST арқылы тек 5 компания ғана өтеген. Жалпы алғанда, бұл аймақта 20 кәсіпорын өз өнімін шетелге шығарады.

Экспорттаушылардың шығындарын өтеу бағдарламасы 2010 жылы енгізілді және ол өңделген өнімді сыртқы нарыққа шығаруға байланысты кеткен кәсіпорын шығынының 50% өтеуді көздейді. Экспорттаушылардың шығындары қайтарымсыз негізде өтеледі. Осы бағдарлама шеңберінде жалпы саны 124 отандық компания қаржылық қолдауды пайдаланды.

Сервистік қолдауға келер болсақ, агенттіктің қолғабыс етуімен қазақстандық өндірушілер жалпы сомасы 720 млн. АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасағанын айта кеткен орынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны