10.10.2017, 17:54 4841

Ақмола облысы Бурабай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін бірнеше ЖШС сәтті жұмыс жүргізуде

"Кенесары-Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі астық өӊдеумен айналысады. Қазіргі таӊда Бурабай және Зеренді аудандарындағы 27 шаруашылықтыӊ астығын қабылдап, өӊдеуде.

Көкшетау. 10 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ Бурабай ауданында ұйымдастырған баспасөз туры аясында бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жекеменшік серіктестіктердіӊ жұмысымен танысты.

"Кенесары-Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі астық өӊдеумен айналысады. Қазіргі таӊда Бурабай және Зеренді аудандарындағы 27 шаруашылықтыӊ астығын қабылдап, өӊдеуде. Серіктестіктіӊ өзініӊ элеваторы, диірмені, майлы дақылдарды өӊдеуге арналған "Петкус" кептіру кешені бар.

Серіктестік директоры Темірғали Уәлиевтіӊ айтуынша, мұнда әкелінетін астықтыӊ отыз пайызы ылғалды. "Петкус" деп аталатын неміс қондырғысы мен майлы дақылдарды кептіріп, өӊдейді. Бүгінгі таӊда серіктестікте сексенге жуық адам жұмыс істейді. Орташа еӊбекақылары 60 мыӊ теӊге төӊірегінде.

-Қазіргі таӊда өнімніӊ 50 пайызын рапс пен зығыр секілді майлы дақылдар құрайды. Күніне 350 тоннаға дейін қабылдаймыз, - дейді серіктестік директоры.

Одан кейін баспасөз туры аудан орталығында ет өндірісімен айналысатын "KazBeef" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалғасты. 2014 жылдан бері ет өндірісін қолға алған серіктестікте 46 адам жұмыс істейді. Мұнда тек ірі қара мал еті ғана өндіріледі. Өндірілген өнім келісімшарт бойынша толығымен "Метро" ЖШС-не жөнелтіледі.

Баспасөз турыныӊ соӊында бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері Щучинск қаласында орналасқан май зауытында болды. Кәсіпорын күніне 60 тонна май өндіреді. "Майлы дақылдарды қайта өӊдеу бойынша өндіріс қуаттылықтарын кеӊейту" жобасы бойынша аталған серіктестік есепті кезеӊде 3,8 мыӊ тонна өсімдік майын өндірген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны