11.10.2017, 15:56 4604

Ақмола облысы Сандықтау ауданыныӊ өнеркәсіп саласында 1,6 млрд теӊгеніӊ өнімі өндірілген

Ақмола облысы Сандықтау ауданыныӊ әкімі Асылбек Исмағамбетов өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте өӊірдегі биылғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жайына тоқталды.

Көкшетау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Сандықтау ауданыныӊ әкімі Асылбек Исмағамбетов өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте өӊірдегі биылғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жайына тоқталды.

Аудан әкімініӊ айтуынша, биылғы жылдыӊ 9 айында өӊірдіӊ өнеркәсіп саласында 1,6 млрд теӊгеніӊ өнімі өндірілген. Өнеркәсіп өндірісі құрамыныӊ 27,2 пайызын ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ қосалқы өнеркәсібі құрайды.

- Өнеркәсіптік өнім өндірісіне шағын кәсіпорындар өз үлесін қосуда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімініӊ жалпы көлемі 16 млрд теӊгені құрады. Иртүрлі санаттағы шаруашылықтар 3,7 мыӊ тонна ет, 17,5 мыӊ тонна сүт, 4 миллион дана жұмыртқа өндірді. Сондай-ақ, ауданныӊ шаруашылықтарында мал басы мен құс саныныӊ көбейгені байқалады. Тұрғындардыӊ ірі қарасы тұқымын асылдандыру бойынша 29 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. Екі сүт қабылдау орны жұмыс істейді. Сондай-ақ, үш сүт қабылдау орны мен екі мал бордақылау алаӊын ашу үшін "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамынан несие алынды. Биыл "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 180 қой сатып алынды. Мал шаруашылығы саласын субсидиялау бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 123,4 млн теӊге алды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2,8 млрд теӊгеніӊ ауыл шаруашылығы техникасы сатып алды.

Биыл 500 мыӊ тонна астық жинап алынды. Бір гектардан алынған өнім 18 центнерден айналды. Биылғы жылы субсидиялау бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тұқым шаруашылығын дамытуға, минералдық тыӊайтқыштар мен гербицидтер бағасын субсидиялауға қомақты қаржы берілді,-деген аудан басшысы құрылыс жұмыстары көлемініӊ 410 млн теӊгені құрағанын айтып өтті. Бюджет қаржысы есебінен аудан орталығында 200 орындық мектептіӊ құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, "Болашақ" дене шынықтыру-сауықтыру кешенініӊ және 18 пәтерлік тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталған. Тұрғындар қаржысы есебінен 1075 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция 224,1 млн теӊгені, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3,5 млрд теӊгені құрады.

Аудан әкімі өз сөзінде облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен елдімекендер арасындағы көлік жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілгенін, бес көпір мен аудандық маӊызы бар автокөлік жолдары бойынша күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында облыстық маӊызы бар "Балкашин-Шаӊтөбе" автокөлік жолы бойынша жөндеу жұмысы басталыпты. Биылғы жылы елді мекендердіӊ көшелерін жарықтандыру жұмысы белсенді жүргізілгенін атап өткен жөн. Бұл мақсатқа "Өӊірлерді дамыту" бағдарламасы аясында бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 17 елдімекенніӊ көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыс жүргізіліпті. Орталық алаӊды жөндеуге аудандық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, Ұлы Отан соғысына қатысушылардыӊ ескерткіші қалпына келтірілді. Алаӊға асфальт төселді. Субұрқақ пен балалардыӊ ойын алаӊы салынды. Келешекте орталық алаӊға ұлт азаттық көтеріліске қатысқан Арлан мен Шамай батырдыӊ ескерткішін орнату жоспарланған. Биылғы жылы демеушініӊ есебінен Шамай батыр бейітініӊ басы көтеріліп, тас қойылды.

Одан әрі аудан басшысы негізгі азық-түлік тағамдары бағасыныӊ өсуіне жол бермеу мақсатында аудан орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесі жиі өткізілетінін атап өтті. Өӊірде бір мыӊнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.

Мұндағы үш пен алты жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Жаз айларында төрт жүзден астам бала Приозерный селосындағы балалардыӊ "Достық" сауықтыру орталығында дем алған. Бүгінгі таӊда Каменка селосындағы №2 агротехникалық колледжде 161 оқушы фермер, дәнекерлеуші және аспаз мамандықтары бойынша дәріс алуда. Биыл "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасы аясында 17 жас маман арнайы жәрдемақы алды. Олардыӊ төртеуі бюджеттік несие есебінен баспаналы болды. Аудан әкімі денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, журналистер қойған сауалдарға жауап берді.

Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысыныӊ ел халқына арнаған "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауы алдағы жұмыстарға ерекше бағыт-бағдар бергенін атап өтті. Үшінші жаӊғырудыӊ шешуші басымдықтарыныӊ бірі - экономиканыӊ технологиялық жаӊартылуын жеделдету. Бұл цифрлық технология базасында жаӊа тиімді салаларды құру дегенді білдіреді. Сондай-ақ, Елбасы болашақ өсу моделініӊ ішіне агроөнеркәсіп кешені, транспорт, логистика, тұрғын үй рыногын дамыту, білім, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау кіретінін атап көрсетті. Бұл шаралардыӊ бәрі жаһандық бәсекеге қабілеттілік және қазіргі заманғы талаптар жағдайында мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн. Қоғамдық сананы жаӊғырту бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ауданда барлық тұрғындардыӊ қатысумен шаралар жоспары жасалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны