14.10.2011, 11:05 3796

Ақмола облысына Австралияда Ангус тұқымының 407 бұзауы әкелінді

Қазақстанға асыл тұқымды малдың кезекті партиясы жеткізілген. Асыл тұқымды шаруашылық (репродукторлар) желісін құру бағытындағы инвестициялық жоба бойынша Австралиядан сатып алынған 407 бас "ангус" тұқымды бұзау Ақмола облысының Ақкөл ауданы Азат ауылындағы "SC Food" ЖШС-не әкелінді.

Астана. 14-қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысына Австралияда Ангус тұқымының 407 бұзауы әкелінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанға асыл тұқымды малдың кезекті партиясы жеткізілген. Асыл тұқымды шаруашылық (репродукторлар) желісін құру бағытындағы инвестициялық жоба бойынша Австралиядан сатып алынған 407 бас "ангус" тұқымды бұзау Ақмола облысының Ақкөл ауданы Азат ауылындағы "SC Food" ЖШС-не әкелінді. Бұл аталған бағыт бойынша Австралиядан жеткізілген тұңғыш етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Табиғатынан тез ет алатын 7-8 айлық бұзаулардың қазіргі салмағы 220-250 келі. Бұл туралы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

"Жобаның жалпы құны - 3 млрд. теңгеге жуық. Оны жүзеге асыру үшін шаруашылыққа "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 12 жыл мерзімге 2 млрд. 200 млн.теңгеден аса несие беруді мақұлдады. Ал қаржының қалған бөлігі құрылтайшылардың өз қаражаты есебінен төленеді. "SC Food" серіктестігі бұл жобаны Мемлекет басшысының еліміздегі етті мал бағытын арттыру жөніндегі тапсырмасына орай, "Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасы бойынша жүзеге асырып отыр. Жақын уақыттары "SC Food" ЖШС-і Америка Құрама Штаттарынан қосымша 570 бас тайынша мен 50 бас аталық бұқа жеткізбек", - делінген баспасөз айғағында.

Сонымен қатар, асыл тұқымды мал жеткізілген шаруашылық 5500 басқа арналған. Оның 2400 аналық сиыр болса, 100 аталық бұқа, қалғаны тайынша-торпақ болмақ. Серіктестік болашақта аналық сиырлар мен бұқарларды өздерінде өсіріп, кейіннен оны облыстағы шағын шаруашылықтардағы мал басын асылдандыру үшін сатуды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны