21.02.2014, 19:40 19055

Ақмола облысынан шыққан ет экспорты 1 мың тоннаны құрайды - Қ. Айтмұхамбетов

Аймақ басшысы Қосман Айтмұхамбетовтың айтуынша, бұл мақсаттарға жету үшін өткен жылы барлық аудандарда қоректіндіру алаңдары салынды, 600 бас ІМҚ кіргізілді, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 4 мың бас ІМҚ алынған болатын.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылдың соңында Ақмола облысынан шыққан ет экспорты 1 мың тонанны құрайды, ал 2015 жылы оны 5 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Аймақ басшысы Қосман Айтмұхамбетовтың айтуынша, бұл мақсаттарға жету үшін өткен жылы барлық аудандарда қоректіндіру алаңдары салынды, 600 бас ІМҚ кіргізілді, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 4 мың бас ІМҚ алынған болатын.

Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ет және сүт шаруашылығы мен Астана қаласының айналасындағы өндіріс белдеуін құру 2013 жылы мал басын өсіруге септігін тигізді. Ағымдағы жылы аймақтық қоректендіру жерлерін ашу жалғасады, Сыбаға бағдарламасы бойынша 4 мың бас ІМҚ алынды. Мал басның өнімділігі мен санын көтеру мақсатында ағымдағы жылы Жақсы ауданында қоректендіру орнын, ал 2015 жылы Көкшетауда салу жоспарланған. Фермерлік шаруашылықты дамыту үшін Зеренді мен Ерейментау ауданында 2 қызметтік-дайындау орталығы ашылады.

"Астана-Агропродукт" ЖШС бағыты отандық экспорттық құрылымды дамытуға арналды. Ол өткен жылы Мәскеудің нарығын бірінші болып толтырған болатын. Кәсіпорын 35 тонна ет пен ет өнімін жеткізді, ал осы жылы 300 тонна ет жеткізу келісімі бар.

Ағымдағы жылы "Милк прожект" ЖШС Омбы облысына ет жеткізуді жоспарлап отыр. Нарықты етпен қамтамасыз ету мақсатында жаңа кәсіпкерліктер салынады. Оған қоса, Ақкөл ауданында "Эко-Милк" сүт зауытын тұрызу жоспарлануда, оның қуаттылығы жылына 100 мың тонна сүт өндіру. Сондай-ақ, "Агример-Астық" ЖШС өңдеу кәсіпорнын Көкшетауда ашу жоспарланған. Целиноград ауданының Қосшы ауылында 3 мың тонна ет өндіретін қазақстандық-беларустық кәсіпорын салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны