Система Orphus

Ақмола облысында АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асырылуда

25.07.2014, 19:50 1483

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында биыл өткен жылғымен салыстырғанда мал басы 13,2%-ға артып, жалпы саны 29,2 мыңды құрады, - деп хабарлайды "Ақмола Медиа Орталығы".

"Агробизнес-2020" АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда мал шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде Мамай ауылында 500 бас ірі қара малына арналған "Каz Beef LTD" ЖШС базасында инвестициялық жоба құрлысын қола алуға мүмкіндік беріп отыр. Оған 4,8 млрд теңге инвестиция салынды.

Аталмыш жоба асыл тұқымы ірі қара малының санын арттырып, етті бағыттағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің табиғи құрамын жақсартуға, өңірді етпен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазіргі таңда мұнда 7004 бас ірі қара малы бар. Биылғы төл саны 1409. Сонымен қатар, 57 тонна сиыр еті алынған.

Еңбекшілдер ауданында "Қаз Гер Құс" ЖШС құс фабрикасы толық күшімен жұмыс істеп тұр. Онда 849 мыңнан астам құс өсірілуде. 2014 жылы 76 млн дана жұмыртқа өндірілген. Фабрикада 226 адам еңбек етуде.

"Тауарлы жұмыртқа өндірісін жылына 300 млн-ға дейін арттыру үшін құс фабрикасы құрылысының екінші кезегі өткізілуде. Қазіргі таңда 2 цех пайдалануға берілсе, тағы 4 корпустың құрылысы аяқталды. Жұмыртқа қоймасының ғимаратына жұмыртқа сұрыптайтын құрылғының монтажы жүргізілді. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында электр сымы мен су құрылғысын тарту жоспарлануда", - делінген хабарламада.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны