10.07.2014, 19:20 2854

Ақмола облысында бизнес-қауымдастыққа Бурабай курортты аймағын дамыту жоспары таныстырылды

2012-2013 жылдарға арналған ЩБКА дамыту бойынша бірінші кезектегі шараларды іске асыру туралы ҚР Қаулысымен Ақмола облысына 4,7 млрд қаржы бөлініп игерілген.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Кәсіпкерлер Палатасы өкілінің бастамасымен "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Визит-орталығында ЩБКА аймағында жобалардың іске асуында мүдделі "Бурабай" МҰТП әкімшілігінің жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен бизнес субъектілері арасында кездесу болып өтті.

Кездесуді Кәсіпкерлер Палатасы Кеңесінің төрағасы К.Ескендіров ашты. Ол осы кездесудің өзектілігін айқындап, Палатаның Бурабай курортын дамытуды жеделдетуде көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Ш.Батырхановтың айтуынша, 2012-2013 жылдарға арналған ЩБКА дамыту бойынша бірінші кезектегі шараларды іске асыру туралы ҚР Қаулысымен Ақмола облысына 4,7 млрд қаржы бөлініп игерілген, бұл қаржының жол инфрақұрылымын жақсартуға, инженерлік коммуникацияның салынуына, экологиялық проблемалардың шешілуіне және қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етуге жұмсалған.

Сонымен қатар ШОБ өкілдеріне ЩБКА Жүйелі дамыту жоспарын іске асыруда қолданылып жатқан шаралар туралы айтылды.

Жоғары тұрған инстанцияларда ЩБКА туристік бизнес субъектілерінің энергиямен жабдықтаушы қызметтерге тарифтердің төмендетуі туралы мәселелерді толық зерттеуге, туристік бизнес субъектілерінің ЩБКА маңызды қоғамдық жобаларыны іске асыруына жеңіл несиелік ресурстарын бөлу туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алдында өтініш жасау туралы ұсыныстар айтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны