21.05.2014, 22:40 3207

Ақмола облысында "БЖК" бойынша 6 инвестжоба жүзеге асты

Ақмола облысында туризм саласында 753 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 270 демалу орындары мен қонақ үй ұйымдары, 415 субъект жол жанындағы қызмет көрсету орталығы болса, 68 туристік фирма, деп туризм басқармасының жетекшісі Ш. Батырханов брифингте мәлімдеді.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Ақмола облысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының 2013 жылғы қорытындысы бойынша 6 инвестжоба жүзеге асты. Туризм саласындағы жоба 1,7 млрд теңгені құрады.

Ақмола облысында туризм саласында 753 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 270 демалу орындары мен қонақ үй ұйымдары, 415 субъект жол жанындағы қызмет көрсету орталығы болса, 68 туристік фирма, деп туризм басқармасының жетекшісі Ш. Батырханов брифингте мәлімдеді.

Қазіргі таңда Ақмола облысы Щучинск-Бурабай демалу аймағының 2012-2013 жылға арналған шаралар жоспары құрылды. Оған бюджеттік қаражатттан 4,9 млрд теңге жұмсалды. Шара бойынша 89 бірінші кезекті шара өткізу жоспарланған.

" "БЖК-2020" бағдарламасының 2013 жылғы көрсеткіші бойынша аймақта 6 инвестжоба жүзеге асырылды. Оның құны 1,7 млрд теңге, 126 жаңа жұмыс орнын ұсынды. Аталмыш бағдарлама бойынша тағы 5 жобаға 3 млн теңгеден қаржылай ынталандыру бөлінді", - деді Ш. Батырханов.

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда Щучинск-Бурабай курорттық аймағында 16 туризм мекемесі қолданысқа берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны