15.02.2008, 18:00 2644

Ақмола облысында егіс алқаптарының көлемін ұлғайту қажет - ауылшаруашылығы министрі

Ақмола облысында егіс алқаптарының көлемін ұлғайту қажет - ауылшаруашылығы министрі

Астана. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне Ақмола облысында астық дақылдарына арналған егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуды және қазіргі заманғы технологияларды белсенді енгізуді ұсынады. Бұл туралы ол бүгін облыс әкімінің есебіне арналған қоғамдық жиналыста Көкшетауда мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илемдік экономиканың ауылшаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы өсе түсуіне байланысты астық дақылдарын өндіру көлемін ұлғайтуды талап етеді", -деді А. Есімов.

"Бұл проблеманы шешу үшін өндірісті қарқындандырумен қатар, қордағы жерлер мен тыңайған жерлердің есебінен ауылшаруашылығы айналымына жаңа жерлерді енгізу секілді экстенсивтік факторларлды да пайдалану қажет", - деді ол.

Ауылшаруашылығы министрі Ақмола облысының үлесіне елімізде өндірілетін астықтың 22% тиетінін атап өтті.

Сонымен бірге А. Есімов "егіншаруашылығында өндірісті әртараптандыру, техникалық паркті жаңалау, дақылдарды өңдеудің қазіргі заманғы ресурс үнемдеу технологияларына жедел көшу проблемаларының өзектілігі артты", деді.

"Ал әзірге елімізде егіс алқаптарының тек 24% ғана озық технологиялар қолданылады. Ал республикалық орташа көрсеткіш 28% құрайды. Исіресе, майлы дақыларды, көкөністер мен жидектік дақыларды, жемдік дақылдардың егіс алқабын кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Осында ондай ауқымды қор бар", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны