26.02.2018, 17:14 6146

Ақмола облысында экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіру және жаӊа технологияларды енгізу бойынша кәсіпорындар дамып келеді

Атап айтқанда, 2017 жылы Қазақстанда базальт жыныстарыныӊ негізінде жылу оқшаулағыш материалдарды шығаратын ірі және жалғыз "Politerm" ЖШС ашылды. Politerm-ніӊ жоғары сапалы және энергия үнемдейтін құрылыс материалдарын қолдану саласы іс жүзінде шектеусіз: ғимараттардыӊ қасбеттерін, жертөлелерді, шатырды, еденді және шатырды оқшаулауда, құбырларды жылу оқшаулауда, сантехникалық және жылыту жабдығықтарында пайдаланылады

Көкшетау. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Ғимараттарды жобалауға және қалалық жоспарлауға түбегейлі әртүрлі тәсілдерді қолданудыӊ жаӊа әдістерін қолдану бағытында тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіру және жаӊа технологияларды енгізу бойынша облыста кәсіпорындар дамып келеді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, 2017 жылы Қазақстанда базальт жыныстарыныӊ негізінде жылу оқшаулағыш материалдарды шығаратын ірі және жалғыз "Politerm" ЖШС ашылды. Politerm-ніӊ жоғары сапалы және энергия үнемдейтін құрылыс материалдарын қолдану саласы іс жүзінде шектеусіз: ғимараттардыӊ қасбеттерін, жертөлелерді, шатырды, еденді және шатырды оқшаулауда, құбырларды жылу оқшаулауда, сантехникалық және жылыту жабдығықтарында пайдаланылады.

Ал Көкшетау қаласындағы "Енки" ЖШС тек қана табиғи шикізат (саздауыш және экологиялық таза формадағы ақ сынды балшық) белгілі бір температурада жұмыс істейтін кірпіш дайындау үшін қолданылады. Бұл аязға төзімділік, беріктік, отқа төзімділік, экологиялық үйлесімділік, ылғалға төзімділік сияқты қасиеттерді жақсартады. Кәсіпорынныӊ қуаттылығы жылына 60 млн. дананы құрайды. Алдағы уақыттағы жоспарлары - өндірісті жаӊғырту, яғни, еуропалық стандарттарға сай кірпіштіӊ жаӊа түрлерін шығаратын желіні іске қосу, ассортиментті 50 түрге дейін кеӊейту (қазіргі уақытта 40 түрін өндіреді). Өнімдері құрылыс нарығында өӊірде ғана емес, сонымен қатар, көрші облыстарда да сұранысқа ие "Регион строй" ЖШС болса Ұлыбритания, Италия, Испания, Ресей мен Украинадан әкелінген жабдықтарда темір бетон өнімдерін шығарады. Бұл жаӊа технологиялар тұрғын үйдіӊ шаршы метріне жұмсалатын шығындарды 120-150 мыӊ теӊгеге дейін (таза әрлеуде) кірпіштен жылдамырақ аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зауыт өнімдері құрылыс индустриясыныӊ заманауи талаптарына сәйкес келеді. Кәсіпорын облыс орталығында өткен жылы 90 пәтерлі тұрғын үй салса, ағымдағы жылы тағы екі үй салу жаспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны