09.10.2017, 13:36 5008

Ақмола облысында іскер әйелдердіӊ ІІ форумы өтті

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімініӊ орынбасары Асхат Қайнарбеков өӊірде іскер әйелдердіӊ күш-жігерімен атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Мәселен, өткен жылы облыста 26 мыӊ кәсіпкер әйел бар болса, қазір бұл көрсеткіш екі есе өскен. Соӊғы үш жылда кәсіпкерлер палатасы 400 қыз-келіншек пен әйелді бизнес негіздеріне оқытып, олардыӊ 250-і өз істерін ашқан.

Көкшетау. 9 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Көкшетау қаласындағы "Достар" мәдениет сарайында іскер әйелдердіӊ ІІ форумы өтті. Оған Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Асхат Қайнарбеков қатысып, сөз сөйледі.

Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облысыныӊ іскер әйелдері кеӊесініӊ мүшелері мен облыстыӊ барлық өӊірлерінен кәсіпкер әйелдер жиналды.

Көпшілік назарына алдымен бизнес саласындағы жетістіктер қамтылған көрме ұсынылды. Оған Бұланды аудандық жас кәсіпкер Ғайни Ахметова тіккен ұлттық нақыштағы автокөлік орындығыныӊ жамылғысы да қойылған. Лобар Абдуғапарова болса, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан үш миллион теӊге көлемінде несие алып, Аршалы ауданында балалар аяқ киімін тігетін шағын цех ашқан көрінеді. Көрмеден мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімініӊ орынбасары Асхат Қайнарбеков өӊірде іскер әйелдердіӊ күш-жігерімен атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Мәселен, өткен жылы облыста 26 мыӊ кәсіпкер әйел бар болса, қазір бұл көрсеткіш екі есе өскен. Соӊғы үш жылда кәсіпкерлер палатасы 400 қыз-келіншек пен әйелді бизнес негіздеріне оқытып, олардыӊ 250-і өз істерін ашқан.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Қайрат Сұлтанов алдағы уақытта да өз кәсібін бастаймын деген әйелдерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін баса айтты.

Форумда өӊірлік іскер әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Көгершін Бексұлтанова, Ақмола облысындағы "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорыныӊ директоры Сәуле Ибішева, салық кеӊесшісі Галина Столярова және тағы басқалары жарыссөзге шығып, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты өз ойларымен бөлісті.

Жиын соӊында аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкер әйелдер Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны