06.09.2007, 16:53 3252

Ақмола облысында қазіргі жағдаймен 1,2 млн тоннадан астам түсім жиналды

Ақмола облысында қазіргі жағдаймен 1,2 млн тоннадан астам түсім жиналды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. КӨКШЕТАУ. Ақмола облысында 6 қыркүйектегі жағдаймен 1 млн 216 мың тонна түсім жиналды, деп хабарлайды агенеттікке облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық дихандар орақ науқанын 24 тамызда бастаған, оны қыркүйектің аяғына дейін тәмамдауды жоспарлап отыр. "Қазір бидай мен бұршақ дәнділерді жинау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

6 қыркүйектегі жағдаймен, 1231,2 мың га (31,8%) аумақтан бидай орылып, 1166,6 мың га (30,1%) аумақтағысы бастырылды. Қазір өңірдегі егіс алқаптарында 8800-ден астам бидай орушы комбайндар жұмыс істеуде. "Күн сайын орта есеппен 200 мың га аумақтан түсім жиналып, 207,4 мың га аумақтан астық бастырылуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Биыл өңір бойынша егіннің орташа шығымдылығы бір гектардан 10,2 центнерді құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Зеренді (16 ц/га), Жақсы (14,5 ц/га) және Еңбекшілер (13,4 ц/га) ауданында тіркелген.

Ақмола облысында бидай және бұршақ дәнді дақылдар жиналатын алқап 3870,3 мың гектарды құрайды, бұл 2006-жылғыдан 7% артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны