10.07.2014, 19:36 7050

Ақмола облысында құрама жем өндіру зауыты ашылды

Ақмола облысында құрама жем өндіру зауыты ашылды

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысы Жақсы ауданындағы "Урожай" ЖШС кәсіпкерлігінде сағатына 10 тонна өнім өндіретін құрама жем өндіру зауыты ашылды. Аталмыш жобаның құны 300 млн теңгені құрайды.

Зауыттағы жем-шөп өндірісі ірі қара малының түрлі жас және тұқымдық ерекшеліктеріне қарай түйіршіктендірілген түрдегі дәрумендерді қосу арқылы дайындалады. Жеке секторда осынау өнімді өндіруден бөлек алдағы уақытта өнімнің 15-20 пайызын жақын шет елге тасымалдау жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Айта кету керек, ҮИИД бағдарламасы бойынша тәулігіне 250 тонна ұн шығаратын "Урожай" ЖШС инвестициялық жобасы құрылғыны жаңғырту жұмыстарын жасады. Бұл өз кезегінде ұнды 5, 10 және 25 келілік қаптармен қаптауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны